Алматы қаласында А.К. Әбдіжапаровқа қатысты мемлекет меншігіндегі жер телімдерін алаяқтықпен иемдену дерегі бойынша айыптау үкімі шықты. Аталған қылмыстық істі ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізді. Сот үкімімен Әбдіжапаров ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып, олардың аумағында инновациялық хаб салу жоспарлануда.
️