Түркістан
EN

Қазақстанға бір жылда 15,3 миллион турист келген

45
10.06.2025

Былтыр елімізге 15 млннан аса турист келген. Бұл жайында Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Қазір Қазақстанға 87 елдің азаматы визасыз, 107 мемлекеттің азаматы электронды визамен кіре алады. Өткен жылы жаңа 22 әуе рейсі ашылған. Оған биыл тағы 32 рейсті қосу жоспарланып отыр екен. Ведомство басшысы шетелдік қонақтар виза рәсімдеуге көп уақыт жоғалтпас үшін мамандарды оқытуды қолға алып жатқанын айтты.