Былтыр Қазақстанда 202 адам жұмыс орнында қаза тапты

14
10.06.2025 14:48

Былтыр елімізде жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан 202 адам қаза тапқан. Жазатайым оқиғалардан 1408 азамат зардап шеккен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында мәлемдеді. Оның сөзінше, бүгінде 445 мыңнан астам жұмыс орны зиянды әрі қауіпті деп танылған. Сондықтан былтырдан бастап 80 көрсеткіш негізінде өндірістік тәуекелдердің деңгейі жоғары кәсіпорындарды автоматтандырылған режимде айқындауға мүмкіндік беретін Еңбек тәуекелдерінің картасы енгізіліпті.