Белгілі ғалымдар түркістандық жастармен кездесу өткізді

351
19.05.2025 19:38

Белгілі ғалымдар түркістандық жастармен кездесу өткізді. Шара Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жиынға шығыстанушы Ислам Жеменей арнайы келіп, өзінің «Абай мектебі» атты туындысын таныстырды. Жақында ғана жарық көрген кітапта Абай Құнанбаевтың шығармашылығында қолданылған шығыс тарихы мен әдебиеті кеңінен жазылған. Автор бұл еңбегі үшін бірнеше жылын сарп еткенін айтады.