«2022-11-03» бойынша іздеу нәтижесі

Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жиын өтті

Елімізде қаржы пирамидаларының алдын алу үшін құзырлы орган өкілдері арнайы бағдарламаны қолға алды. Енді «пойр би ай» бағдарламасы облыстағы қаржы пирамидасының белгісі бар барлық әлеуметтік желідегі акаунттар мен сайттарды анықтап, сараптама жасайды. Әрі бұл бағдарлама күдікті парақшаларды жабуға арналған. Мамандар «пойр би ай»-мен жұмыс жасағалы көп болмаса да, бүгінде 2  мыңнан аса аккаунттар 50 ден аса қаржы пирамидасы бар парақшаларды анықтап үлгеріпті. Айта кетейік,бүгін мамандар қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған 10 ыншы іс-шарасын өткізді.

БОЛАТБЕК ОМАРОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2-ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Біз қазір профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Түрлі инста парақшалар мен сайттар ашылған.сол сайттарды дұрыс па дұрыс емес па жалғын қаржылық қорларды талқылап түсіндіру үшін осы жиын өтіп жатыр.

 

Жаһандық жылынуға қатысты халықаралық жиын өтті

Жаһандық жылыну деңгейі әлем бойынша Қазақстанда өте жоғары. Сонымен қатар, соңғы 35 жылда елімізде гидрологиялық құбылыстар да жиілеген. Мәселен су тасқыны қаупі орта есеппен 42 оқиғаға көбейіпті. Бұл мәселе Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі жөніндегі өңірлік жастар конференциясында» айтылды. Экологиялық проблемалардың негізгі себебі неде? Тілші репортажында толығырақ. 

2022 жылдың жаз айы Қазақстанның оңтүстік аймақтары үшін аптап ыстық болды. Бұған Иран және Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары себеп дейді мамандар. Мәселен, шілдеде Маңғыстау облысындағы Ақтау метеорологиялық станциясында ең жоғары ауа температурасы +43,0°С тіркеп, 2018 жылғы рекорд жаңарды. Бұл әрине қуанарлық көрсеткіш емес. Салдарынан еліміздің Оңтүстік-батыс аумағында құрғақшылық орнап, төрт түлік мал шығынына алып келді.

Түркістанда алғаш әйелдер форумы өтті

Түркістанда алғаш әйелдер форумы өтті. Ондағы мақсат әлемдегі әйелдердің рөлін анықтау, жүйелік мәселелерді шешу. Басқосуға ауылдық жерде тұратын әйелдер, үй шаруасындағы аналар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатысты. Бюджеттік сала қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері де бар. Жиынға қатысушылар шараның маңыздылығын сөз қылып, әйелдердің ел дамуындағы рөліне тоқталды. Форум асында өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бүгінде еліміздің саяси-қоғамдық рөліне араласып жүрген азаматшалар аз емес. Мәселен, облыстағы 320 депутаттың 78-і нәзік жандылар екен. Жалпы Түркістан облысының өзінде 1 млн 28 мыңнан астам әйел азаматы бар. Бұл облыс халқының 49,3 пайызын құрайды.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ - Бұл ашық форматта өтіп жатыр. Нәтижесі қоғамға үлесімізді қосу. Пікір алмасу форум. Мысалы мемлекет пен қоғамның арасын біріктіремін десеңіз мемлекет пен азаматтың қоғамның арасындағы алшақтықты азайту. Бұл алшақтықты азайтудың бір тәсілі. Аналар арқылы алшақтықты азайту. Аналар үлкен күш. Егер әйел болмаса дүние болмайды. Қоғам болмаса дүние болмайды. Қоғамның бір ірі бөлігі осы әйелдерің санатынан тұрады. 

 

7-20-25 бағдарламасы жалғасын табады

7-20-25 бағдарламасы жалғасын табады. Ел арасында көп айтылып жүрген 4 қарашада соңғы конкурс өтеді деген пікір шындыққа жанаспайды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бұл жоба тиімді, сондықтан жалғасады деді. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша журналистерге сұқбат берген әкім атқарылған істермен қатар, шешуі кезек күттірмейтін мәселелер жайында да айтып берді.   

Облыс орталығында 3 392 пәтерлі 53 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 42-сі пайдалануға берілді. Яғни, 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Олар арнайы санаты барлар және несиемен алғандар. 11 көпқабатты үй жыл соңында ел игілігіне берілмек. 

Рухани шаһарда киелі кесене мен Караван сарай кешенін биыл 1 млн астам адам көрген. Оның 4000-і ғана шетелден келген. Қалғаны ел азаматтары. Одан бөлек, Түркістанды үш ауысымды білім беретін мектептер саны артуда.  Қазірдің өзінде төрт мектеп осындай тәртіппен білім беріп келеді. Тағы үш мектеп үш ауысымға көшуі мүмкін. Бұл бала санының артуымен, яғни өңірде туу көрсеткішінің жоғарылығымен байланысты болса керек. Сондықтан алдағы уақытта 9 мектеп салу жоспарлануда. 

Түркістан жарықпен толық қамтылған. Қазір тек ескі бағаналар мен сымдарды ауыстырылуда. Ал, 875 көшенің 70 пайызға жуығы көңіл көншітпейді. Тек 30 пайызының күйі жақсы. Соны 40 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қаланы газдандыру жұмыстары да қарқынды. Көгілдір отынды пайдаланушылар саны биыл 95% жеткен.

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ - 2 қабатты 20 үйді газдандыру бойынша жұмыс істейміз

Жұрт қоғамдық көліктің жағдайын аз айтып жүрген жоқ. Олардың бағытын ұзарту, санын көбейту туралы көп естіп жүрміз. 21 бағыт бойынша, 220 қоғамдық көлік қатынайды. Оның 142-сі шағын автобустар. Әкімнің сөзінше сұранысты толық жабу үшін 226 автобус қажет екен. Биыл 78-і жаңарды. Тасымалдаушы мекеме тағы 46 жаңа автобус сатып алуды көздеп отыр. 

 

Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жиын Отырар ауданында да болды

Елімізде алаяқтардың, пирамида құрушылардың, онлайн қаржы ойындарының көбейіп кетуі ел билігін алаңдатып отыр. Мамандар халықтың қаржылық пирамидалардың құрығына түсуіне олардың блогерлер мен танымал адамдардың жарнамасына сеніп қалуы да себеп дейді. Сондықтан қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі, сонымен бірге прокуратура мен құқық қорғау органдары қаржылық алаяқтыққа қарсы күресті күшейте бастады.

Отырар ауданыдағы Жамбыл Жабаев мектебінде мектеп мұғалімдерімен Экономикалық бақылау агенттігінің арнайы маманадары жүздесті. Бас қосуда интернет желілері арқылы алаяқтықпен айналысатын сайттармен астыртын топтардың аттары нақты аталды. Мамандар жыл қортындысына бойынша алаяқтардың арбауына түскендердің саны артып келетінін айтады. 

Түркістан облысында қаржылық пирамидаларға қаржы құятындардың қатары қалың. Салымшылардың 90 пайызы қыз-келіншектер. Сәйкесінше жиылғандардың арасында да әйел мұғалімдер басым. Ұстаздарға  қаржылық пирамида, интернет алаяқтардың алдын алу, ақшаны қайда сақтау керектігі жіті түсіндіріліп, әр мұғалім оқушылардың  ата-аналарымен дәл осы тақырыпта ашық сабақ өткізу керектігі міндеттелді.   

Арнайы топ облыс көлеміндегі барлық аудандарды қамтуды жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін түркістанға жақын орналасқан ең жас аудан сауран ауданында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

 

 

Мақта кластеріне инвестиция тартуға күш салынады

Түркістан облысында туындаған мақта бағасына қатысты мәселені шешу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мақта зауыттарының басшыларымен және диқандармен кездесті. Басқосуға өңірдегі микроқаржы ұйымдарының басшылары да қатысты. Облыс басшысы шаруалардың уәжін жеткізіп, мақта бағасын шұғыл түрде белгілеу керектігін айтты.

Басқосуда қазіргі таңдағы өзекті мәселе – мақтаның нақты бағасын белгілеу, агроқұрылымдарға техникалық дақылдың тек шикізат күйінде экспортталуына байланысты бағасының шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді екендігі, мәселені тиімді шешу үшін және шетелдік трейдерлік компаниялардан тәуелсіз жұмыс істеу мақсатында өңірде мақта кластерін дамытуды қолға алу қажет екендігі кеңінен талқыланды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен Жетісайда алқалы жиын өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары Жарқынбек Қанаев, Нұралы Әбішов пен Тимур Қырықбаев, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек пен Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, өңірдегі барлық мақта зауыттарының басшылары мен микроқаржы ұйымдарының басшылары, қос ауданның мақта өсірумен айналысатын диқандары қатысты.
Мақта шаруашылығымен айналысатын аудандарда диқандар шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді екендігі жасырын емес. Бұл мәселе жылда қайталануда. Басқосудың мақсаты - осы саладағы барлық проблеманы талқылап, қорытынды жасап мақтаның нақты бағасын белгілеу.

Шитті мақтаның зауыттарға өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді болғандықтан халықаралық Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Бүгінгі күнге халықаралық Ливерпуль биржасында орта талшықты мақта бағасының 1 келісі болжаммен 230 теңгені құрап отырғандығы айтылды.

Жиын барысында шаруалар мен мақта зауыттарының басшылары мақтаның келісіне 250 теңгеден есеп айыруға, ал, сақтауға қойған шаруаларға ақпан айында сол кездегі бағамен айырмашылығын төлеу жөнінде қорытындыланды.

Өңделген мақтаның құны шикізатынан әлдеқайда қымбат екені белгілі. Сондықтан өңірдегі мақта кластерін, оның ішінде, қайта терең өңдеуге инвестиция тартып, саланы терең дамытуға күш сала отырып, мақта сапасы мен өнім көлемін арттыруға күш салынады. Сондай-ақ басқосуда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Ырыс» МКҰ, екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген ұзақ мерзімді үлкен көлемдегі несие беруді, несие алу жұмыстарын оңтайландыру мәселелерін қарастыру керектігі айтылды.

Түркістанда ұсақ малдан бруцеллез табылып, екі ауылға шектеу енгізілді

Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы екі ауылда ұсақ малдан бруцеллез анықталды. Осыған байланысты елді мекендерде шектеу шаралары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан елді мекені Ө.Тілеубаев кошесі №1-17 үйлерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - деп көрсетілген аталған ауылдық округ әкімінің шешімінде.

Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына қарасты Қызылата ауылында да шектеу жарияланды.

«Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Қызылата ауылы Ә.Дәулетұлы көшесіндегі № 94, 95, 98, 101, 104, 106, 110, 111 үйлерінің аумағына мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген ашық талқыға шағарылған ауылдық округ басшысының шешімінде.

Еске салай кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Надежка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, елді мекен карантинге жабылған еді.

Сондай-ақ, биылғы жылдың басынан бері Қостанай облысында 8 адам бруцеллез ауруын жұқтырды.

 

Түркістанның «жасыл белдеуі» 30 мыңға гектарға дейін ұлғаяды

Мемлекет басшысының республика бойынша 2 млрд. ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасын орындау барысында Түркістан облысы бойынша 5 жылда 132 мың гектар жерге 210 миллионан аса көшет отырғызу жоспарланған. Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Бүгінгі таңда барлығы 13629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде.

Егілген орман ағаштарының бірінші, екінші жылдарында 25 пайызының жерсінбей қурап қалуы – табиғи заңды құбылыс. Өйткені Түркістан қаласының климаты күрт континетальды. Қураған ағаштардың орнына қайта жайқалту мақсатында орман екпелерін толықтыру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ғылыми-зерттеу институтының берген қорытындысына сәйкес, мәдени орман екпелерінің көнімділігі 55%-ды құрайтындығы дәлелденген.

Бір гектар орман жылына 18 млн. текше метр ауаны тазартып, 1 сағат ішінде 8 келі көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл 200 адамның 1 сағатта бөліп шығаратын көмірқышқыл газының көлемімен тең. Таза ауа – адамзаттың тіршілігі мен денсаулығының тірегі. Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәлімдеуінше, бүгінде, Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында саябақтар мен аллеялардың көлемі артып, 495 гектарға жетті. Оған қоса, қала аумағында көгалдандырудың жаңа технологияларын қолдану нәтижесінде көшеттердің өнімділігі артып, газондардың жақсы өніп-дамуына қол жеткізілді. 

Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Түркістан қаласының экологиялық жағдайы тұрақталып, анағұрлым жақсарып келеді. Бұған су жүйелерін жаңғырту, жасыл алқаптардың көбеюі, қаланың толықтай табиғи газ жүйесіне қосылуы оң әсерін беріп отыр.

Бұдан бөлек, облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30 миллион данадан астам әртүрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр. Алдағы уақытта ол көшеттердің санын 60 миллионға жеткізу жоспарлануда. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар облыстың аудан, қала және елдімекендерінде жасыл желек құру мен көгалдандыруға, экологияның тұрақтануына оң әсерін тигізеді.

 

Шахтада қаза болған кеншілердің тізімі жарияланды

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ленин атындағы шахтада қаза тапқандардың тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі - екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде шахтад «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шахтинскідегі апаттан қаза тапқан 5 кеншінің отбасына пәтер беріледі

Бүгін түнде Шахтинскідегі апаттан қайтыс болған 5 кеншінің отбасына қосымша пәтер беріледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайтыс болған кеншілердің отбасымен тиісті медициналық және өзге де мекемелердің писхологтары жұмыс істеп жатыр. Әкімдік тарапынан ол отбасыларға қажетті көмектің бәрі көрсетіледі. Одан бөлек, ұжымдық еңбек шартына сәйкес, бұл отбасыларға шахтерлердің 10 жылдық еңбекақысы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі», - деді Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша ұжымдық шартта бұдан басқа да өтемақылар қарастырылған.

«Сондай-ақ, ұжымдық шарт бойынша ол отбасыларға несиесін жабу, балаларын оқыту секілді көмек түрлері бар. Сонымен бірге биылдан бастап ұжымдық шартта зардап шеккендердің отбасыларына қосымша баспана алып беру шарасы енгізілген. Әрбір отбасыға қосымша пәтер алынады», - деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады.

Ленин атындағы шахта іске қосылғаннан бері мұнда 69 адам қаза тапқан

Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахта іске қосылған 1964 жылдан бері 69 адамның өмірі қиылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде осындай дерек айтты.

«Ленин атындағы шахта туралы статистика дайындалған екен. Соны айтып берейін. Қателеспесем, бұл шахта 1964 жылы іске қосылған. 1978 жылы болған алғашқы апатта 4 адам қайтыс болған. 1985 жылы - 2 адам, 1995 жылы - 13 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған. 1998 жылы бір адам өлсе, 1999 жылы жылы 3 адам қайтыс болып, 2 адам жарақат алған. Ең қайғылы жағдай 2006 жылы болғанын айттым. Ол кезде 41 адам өлген. Бұл - бір ғана шахтада болған апаттардың статистикасы. Бұл шынымен де шахталарда адамдардың жиі өлетінін көрсетеді», - деді Юрий Ильин.

Инвесторлар Түркістанда кабель және керамика өнімдерін шығаратын зауыттар салуға ниетті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Sembol Construction» компаниясының қаржы жөніндегі Атқарушы Кеңесінің мүшесі Октай Горгулмен кездесті. Аталған компания Түркістанға кезекті инвестициясын салып, ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, өңірде кабель және керамикалық өнімдер мен сантехника шығаратын зауыт ашуға ниетті. Облыс әкімі инвестициялық жобаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді. 

– Сіздер ұсынып отырған жобалар біз үшін өте маңызды. Инвестиция құямын дейтін компанияларға, азаматтарға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Жобаларды іске асыруға арналған инфрақұрылым бойынша сұраныстарыңызды толық орындаймыз. Арнайы экономикалық аймақтан жер, инфрақұрылым ұсынамыз. Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының Түркістан облысының дамуында ерекше маңызы бар екенін атап өткім келеді. Түркістан – қасиетті шаһар. Қасиетті қалада айтылған уәделер, сөздер орындалуы керек. Әріптестігіміз нығайып, жобалар жүзеге асады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды. 

Октай Горгул Түркістан қаласын аралап көргенін, серіктестерімен бірге зерттей келе қалаға инвестиция салу жөнінде шешімге келгендерін айтты. 

– Біз ұсынып отырған екі жоба жүзеге асса, өңір экономикасына оң серпін береді деп ойлаймын. Бірінші жобамыз – кабель шығаратын зауыт. Оның инвестициялық құны – 84 млн. АҚШ доллары. Кабель өнімдері мен түрлері шығарылатын зауытта түркістандықтар жұмыспен қамтылады. Жылына 12 мың тонна өнім шығарамыз деген жоспар бар. Екінші жоба – керамика өнімдері мен сантехника шығаратын зауыт. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 6 млн. шаршы метр. Инвестициялық құны – 150 млн. АҚШ доллары. Зауыт салу жұмыстарымен осы салада тәжірибесі бар түркиялық компаниялар айналысады, – деді түркиялық инвестор. 

Керамикалық өнімдер шығаратын зауытта Италияның құрылғылары орнатылмақ. Соңғы технологиялар қолданылады. Аталған зауыттарда 1000-ға жуық жұмыс орны ашылмақ. Бүгінде Қазақстан кабель мен керамикалық өнімдердің басым бөлігін шетелден импорттайды. Нақтырақ айтсақ, елімізге 150 млн. долларға керамикалық плиткалар, 37 млн. долларға санфаянс, сондай-ақ 236 млн. долларға кабельдер мен сымдар тасымалданған. Бұл зауыттар арқылы отандық өнімнің үлесі артатын болады. 

Облыс әкімі зауыттарды салу үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Түркиялық инвесторларға бұл мәселені тағы да пысықтап, арнайы шарттарды бекітіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда әуезі әсем, рухы биік музыкалық кеш өтті
17.06.2025 18:46 16
Спорт саласын дамытуға арналған семинар кеңес өтті
17.06.2025 18:45 20
Төлебиде заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді
12.06.2025 20:11 46
Мороккодан мотоциклмен Түркістанға жетті
12.06.2025 20:10 41
Түркістандық гимнастшылар халықаралық сайыста жеңімпаз атанды
11.06.2025 20:38 41
Әлемдік деңгейдегі Woosong университетінің ректоры сұхбат берді
11.06.2025 20:36 49
Жаңа форматтағы «ТMDT LIVE» шығармашылық кеші өтті
11.06.2025 12:20 46
«Ақылды ана – саналы бала» байқауы өтті
11.06.2025 12:18 52
5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
05.06.2025 16:08 74
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу туралы ақпараттық кездесу өтті
05.06.2025 16:07 66
Құрбан айт қарсаңында мал бағасы қалай?
03.06.2025 20:55 114
Шорнақ ауылы күнбағыстың отанына айналмақ
03.06.2025 12:30 103
Тау баурайында поэзия кеші өтті
29.05.2025 15:35 76
Тау халықтарының тағдыры туралы кітап жарық көрді
29.05.2025 15:34 71
Бесаспап Бейсенбек
29.05.2025 15:33 120

Жаңалықтар мұрағаты