Спорттық нысандардың жай-күйі, спорттық Федерацияларды ашу және бекіту, «Damu Bala» мемлекеттік бағдарламасын спорт саласы бойынша түсіндіру. Ордабасы ауданында аталған саладағы өзекті мәселелер қаралып, шешу жолдары талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияздың төрағалығымен семинар кеңеске аты әлемге әйгілі жергілікті спортшылар мен жаттықтырушылар қатысып, өз ұсынымдарын берді.
️