Жаһандық жылынуға қатысты халықаралық жиын өтті

512
03.11.2022 04:27

Жаһандық жылыну деңгейі әлем бойынша Қазақстанда өте жоғары. Сонымен қатар, соңғы 35 жылда елімізде гидрологиялық құбылыстар да жиілеген. Мәселен су тасқыны қаупі орта есеппен 42 оқиғаға көбейіпті. Бұл мәселе Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі жөніндегі өңірлік жастар конференциясында» айтылды. Экологиялық проблемалардың негізгі себебі неде? Тілші репортажында толығырақ. 

2022 жылдың жаз айы Қазақстанның оңтүстік аймақтары үшін аптап ыстық болды. Бұған Иран және Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары себеп дейді мамандар. Мәселен, шілдеде Маңғыстау облысындағы Ақтау метеорологиялық станциясында ең жоғары ауа температурасы +43,0°С тіркеп, 2018 жылғы рекорд жаңарды. Бұл әрине қуанарлық көрсеткіш емес. Салдарынан еліміздің Оңтүстік-батыс аумағында құрғақшылық орнап, төрт түлік мал шығынына алып келді.