Төле би ауданында заң талаптарына сай келмейтін 85 нысан анықталды. Оның 15-і су қорғау белдеуінде орналасқан. Ал, 67-сі — нысаналы мақсатына сай қолданылмаған екен. Қалған үшеуі болса, тиесілі емес жерді иеленіп алыпты. Осыған байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірге арнайы барып, мәселені көзбен көрді. Енді заң бұзғандар жауапқа тартыла ма? Шұғыла Ғалиқызы анықтап көрді.
️