Түркістанда 626 көпқабатты тұрғын үй мен 2561 бюджеттік мекемелерге жылу берілген. Сондай ақ, әлеуметтік нысандар да орталықтандырылған жылымен қамтылған. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева айтты. Оның сөзінше, облысқа 535 мың тонна көмір отыны жеткізілген. Тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес отын құны да белгіленіпті. Мәселен, Шұбаркөл отынының бағасы 14 мың мен 18 500 теңге аралығында саудалануда.
️