Депутаттар әскердегі әлімжеттікке қатысты заң қабылдауды ұсынды

187
03.11.2022 04:16

Әскердегі әлімжеттікке қатысты заң қабылдайтын уақыт келді. Бұл жайында Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қарулы күштер мен қауіпсіздік комитетінің отырысында айтылды. Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед соңғы кездері әскерде белгісіз жағдайда қаза болған сарбаздардың қатары азаймай тұрғанын айтты. Сондықтан біз бұл жағдайлардың қайталанбауы үшін заңдық тұрғыда құжаттар қабылдауымыз тиіс дейді. Депутаттар қазір әскерде келісім шарт бойынша борышын өтеп жүргендердің үлесі 70 пайыз екенін алға тартып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жағын қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ әскерилердің біліктілігін арттыру ісі де сөз болды.