Түркістанда жаңадан берілген үйлердегі жылу мәселесі қашан шешілмек?

353
03.11.2022 04:09

Жаңа қала шағын ауданындағы нөмірі 29/1 үйдің тұрғындары жылусыз отыр. Түркістан қаласында ресми түрде 27 қазанда жылыту маусымы басталса да, пәтерлерде әлі жылу жоқ. Тұрғындар бөлмелерді электр жылытқыштармен жылытуға мәжбүр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз тарқатады.  

Қоңыр салқын бөлме, суық батарея және суға толған жертөле. Жаңа қала шағын ауданындағы нөмірі 29/1 үйдің қазіргі жайы осындай. Бұл үй қолданысқа былтыр желтоқсан айында берілгенімен, жылу болмағандықтан жаңа баспананың иелері көктемде күн жылынған соң көшіп келген. Қоныс тойды тойлаған азаматтардың қуанышы салқын түсе су сепкендей басылды. Себебі пәтерлерді жылытатын құбырлар жарылып жатыр.