Түркістанда алғаш әйелдер форумы өтті

249
03.11.2022 04:35

Түркістанда алғаш әйелдер форумы өтті. Ондағы мақсат әлемдегі әйелдердің рөлін анықтау, жүйелік мәселелерді шешу. Басқосуға ауылдық жерде тұратын әйелдер, үй шаруасындағы аналар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатысты. Бюджеттік сала қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері де бар. Жиынға қатысушылар шараның маңыздылығын сөз қылып, әйелдердің ел дамуындағы рөліне тоқталды. Форум асында өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бүгінде еліміздің саяси-қоғамдық рөліне араласып жүрген азаматшалар аз емес. Мәселен, облыстағы 320 депутаттың 78-і нәзік жандылар екен. Жалпы Түркістан облысының өзінде 1 млн 28 мыңнан астам әйел азаматы бар. Бұл облыс халқының 49,3 пайызын құрайды.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ - Бұл ашық форматта өтіп жатыр. Нәтижесі қоғамға үлесімізді қосу. Пікір алмасу форум. Мысалы мемлекет пен қоғамның арасын біріктіремін десеңіз мемлекет пен азаматтың қоғамның арасындағы алшақтықты азайту. Бұл алшақтықты азайтудың бір тәсілі. Аналар арқылы алшақтықты азайту. Аналар үлкен күш. Егер әйел болмаса дүние болмайды. Қоғам болмаса дүние болмайды. Қоғамның бір ірі бөлігі осы әйелдерің санатынан тұрады.