Түркістанда «Ақылды ана – саналы бала» байқауы өтті. Аталған шара Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Бірлікті бекемдеген байқауға Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан 35-55 жас аралығындағы этнос өкілдері мен 7 және 15 жастағы балалар қатысты. Үміткерлер үш кезең бойынша іріктелді. Алғашында қатысушы жұп өзін таныстырса, екінші кезеңде ана мен бала өз өнерлерін ортаға салды. Ал соңғы сында қатысушылар қоғамның бес кеселі жайлы ой саларлық қойылым қойды. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
️