Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жиын Отырар ауданында да болды

421
03.11.2022 04:42

Елімізде алаяқтардың, пирамида құрушылардың, онлайн қаржы ойындарының көбейіп кетуі ел билігін алаңдатып отыр. Мамандар халықтың қаржылық пирамидалардың құрығына түсуіне олардың блогерлер мен танымал адамдардың жарнамасына сеніп қалуы да себеп дейді. Сондықтан қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі, сонымен бірге прокуратура мен құқық қорғау органдары қаржылық алаяқтыққа қарсы күресті күшейте бастады.

Отырар ауданыдағы Жамбыл Жабаев мектебінде мектеп мұғалімдерімен Экономикалық бақылау агенттігінің арнайы маманадары жүздесті. Бас қосуда интернет желілері арқылы алаяқтықпен айналысатын сайттармен астыртын топтардың аттары нақты аталды. Мамандар жыл қортындысына бойынша алаяқтардың арбауына түскендердің саны артып келетінін айтады. 

Түркістан облысында қаржылық пирамидаларға қаржы құятындардың қатары қалың. Салымшылардың 90 пайызы қыз-келіншектер. Сәйкесінше жиылғандардың арасында да әйел мұғалімдер басым. Ұстаздарға  қаржылық пирамида, интернет алаяқтардың алдын алу, ақшаны қайда сақтау керектігі жіті түсіндіріліп, әр мұғалім оқушылардың  ата-аналарымен дәл осы тақырыпта ашық сабақ өткізу керектігі міндеттелді.   

Арнайы топ облыс көлеміндегі барлық аудандарды қамтуды жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін түркістанға жақын орналасқан ең жас аудан сауран ауданында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.