Азия чемпионаты: Бүгін рингке Назым Қызайбай шығады

370
03.11.2022 10:44

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін бір боксшымыз алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай 3 қарашада таиландтық Раксат Чутхаматпен қолғап түйістіреді.

Назым Қызайбай 1993 жылы дүниеге келген. 2012 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2014, 2016 жылдарда алтыннан алқа тақты.