«2022-09-27» бойынша іздеу нәтижесі

Cайрамда күрестен жарыс болды

Түркістан облысындағы сайрам ауданында Оңтүстік қазақстан қоғамдық саяси газетінің кезекті 59 шы  турнирі өтті. Ақсукенттегі орталық саябақта  ұйымдастырылған додаға  өңіріміздің түкпір түкпірінен 130 ға жуық спортшы қатысты. Талай балуанның бағын жандырған турнир жыл сайын әр ауданда өткізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы дәстүрлі турнирді Келес ауданы ұйымдастырып, эстафетаны Сайрам ауданына өткізген еді.

Биылғы кезекті турнирдің жалауы Сайрамда көтерілді. Жарысқа кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін сайыпқырандар жиналды. Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан салтанатты жиында сөз сөйлеп, қазақ күресінің жастарға берері мол екендігін айтты. 

Аталмыш, турнирге жергілікті телеарна мен баспасөз басшылары арнайы қатысып, өз пікірлерін білдірді.  Айтпақшы, биылғы турнирге жауырыны жер иіскемеген ең үздік қазақ күресі балуандары, олардың ішінде Әлем, Азия чемпиондары да қатысып, тартысты доданың деңгейін артырды.

Сонымен, жарыс нәтижелеріне тоқталсақ. 60 келі салмақ дәрежесінде Бәйдібектік балуан Сәулет Мырзаханның мерейі үстем болды. Екінші орынға Отырарлық Қалмұхан Тұрмаханбет ие болды. Қола жүлделерді Төлебилік Рамазан Кузиахметов пен келестік Асылбек Жамбыл өзара бөлісті. Ал, 66 келіде Ордабасы ауданының намысын қорғаған балуан Дауылбай Оспан қарсылас шыдатпады. Күміс - Асылбек Тәжібайға, қола жүлделер - Мұхамеджан Жұман мен Кемелбек Молдашқа бұйырды. Бұл жігіттер де күрес әлеміндегі белестерге енді ғана құлаш ұрған жас буын өкілдері екен.

Кіші футболдан жарыс өтті

Отырар ауданы Ақтөбе ауылында футболдан жарыс өтті. Турнир үстаз Ермахан Қабылбекты есімін ұлықтауға  арналды. Оған ауданнның әр ауылынан, және Түркістан,Түлкібас,Төле би аудандарынан командалар келіп қатысты. Олар жеңіс үшін аянып қалмады. Тартысты өткен ойын жөнінде әріптесім тарқатып айтады. 

Турнирге қатысушыларда шектеу болмады. Сондықтан болар арасында туысқандардан құралған «Жан-Бөле» командасы да болды. Олар алғашқы ойынды Ақтөбеліктерге қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңді.    

Ақтөбеде өткен бәсекеге барлығы 15 команда 150-ге жуық ойыншы қатысты. Олар өз өлкелерінің намысын қорғау үшін барын салды. Ермахан Қабылбеков бүкіл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған. Ауыл тұрғындары мен замандастары, және туыстары естеліктерімен бөлісті.

Доп додасының  нәтижесінде бірінші орынға Шәмші командасы ие болды. Екінші орынға Шойманов командасы жайғасса, үшінші орынды Шәмілдүр командасы місе тұтты. Ойынға қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

Иқанда жаңа кешен ашылды

Ұлы ойшыл  Ғашық Жүсіп кесенесі мәдени-рухани кешенмен толықты. Жаңа нысан Түркістаннан 24 шақырым жердегі Ескі Иқан ауылынан бой көтерді. Онда «Ғашық жүсіптің» еңбектері мен, Иқан топырағынан шыққан көптеген ғұламалардың еңбектері жинақталыпты. Одан бөлек, кешен зиялы тұлғалардың бюст ескерткіштерімен толыққан.

Жалпы Ескі Иқанда тарихи орындар жетерлік. Солардың бірі Ғашық Жүсіп кесенесі. Ол 11-12 ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауидың шәкірті әрі туған жиені. Өз заманының кемеңгері атанған. Ғашық деп аталуы да бекер емес. Аллаға деген махаббаты шексіз діндар адам болған соң ұстазы солай атап кеткен көрінеді. Ал, мұндағы кесененің өзі Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб кесенелерімен қатар салынған екен. Яғни 14-ғасырға тән. Алғашында кішігірім болып бой көтерген ғимарат 2006 жылы қайта жөндеуден өтіпті.Енді аумағы 2 гектар жерді алып жатқан тарихи мекенге кәсіпкерлер жаңа құрылыс нысанын сыйға тартып отыр.

Нысанда екі мұражай залы, әкімшілік және жуыну бөлмелері,демалыс аллеясы бар. Сондай-ақ кешенде саяхатшылар үшін барлық сервистік қызмет түрлері жасалған.Бұдан бөлек ғимаратта Иқан ауылының аңызы мен Түркістанның тарихы толық қамтылыпты. Қойылған еңбектер әлемнің түрлі мемлекеттерінен жинақталған көрінеді. Ең көне қолжазба ғашық жүсіптің 900 жыл бұрын қалдырған туындысы екен.

Кесене маңында жүзім ағаштары отырғызылған.Оның да өз тарихы бар.иқандықтар орта ғасырда жүзім өсірудің шебері болған деседі.Ғашық жүсіптің өзі Қожа ахмет ясауи ескі Иқанға табан тірегенде 12 түрлі жүзіммен қарсы алған екен. Кешеннің ашылу салтанаты да осы үрдіспен бастау алды. Алыс жақын мемлекеттер мен еліміздің зиялы қауым өкілдеріне жүзім ұсынылып, бабалар рухына құран бағышталды. Әрі қарай мұражайдың лентасы қиылып, кешен «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының меншігіне табысталды.

 

Түркістанда кәсіпкер әйелдерге арналған тренинг өткізілді

АҚША және Әйел. Дәл осындай тақырып аясында Түркістанда кәсіпкер әйелдерге арналған бизнес тренинг өтті. Оған облыстың түкпір түкпірінен өз ісін ашқан бизнес ханымдар қатысты. Ондағы негізгі мақсат табысты болудың құпиясымен қаржылық сауаттылықты арттыру. Толығырақ тілші тарқатады. 

Әйел-ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді. Отбасының ұйытқысы, әулеттің көркі болған абзал аналардың арасында жеке кәсіп бастап жанұясын асырап отырғандары да жетерлік. Солардың бірі Динара Саидова. Ол жеке бизнес ашып, бүгінде бірнеше жанды жұмыспен қамтып отыр. 

Қаржылық сауаттылық турасында Алматыдан арнайы Бизнес коуч шақыртылған. Жиналғандар Ақжүніс Бірасыловға өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, табысты болудың құпиясымен танысты.

Бизнес тренинг екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде Ақжүніс ханым тәжірибесімен бөліссе, Мадина Сапақова қаржылық сауаттылықтың заң аясындағы құқықтық нормалармен таныстырды. 

Семинар тренингтің негізгі мақсаты нәзік жанды кәсіпкерлердің арасында байланыс орнату. Нарық билеген заманда бүтін бір ел түгілі, отбасылық бюджетті реттеу үшін де сізге үлкен қаржылық сауаттылық қажет. 

 

Экобазардағы жәрмеңкеде азық-түлік арзан бағада сатылып жатыр

Түркістандағы «Экобазарда» ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік жәрмеңкесі басталды. Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру, тұрғындарға сапалы өнімдер ұсыну. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бұл шараға өңірдегі барлық аудан, қаладан тауар өндірушілер қатысып жатыр. Тұрақтандыру қоры арқылы да шекер, ұн және өзге де өнімдер арзан бағада елге ұсынылуда. Жәрмеңке қанша күнге жалғасады? Толығырақ тілші репортажында.

Жәрмеңкеге өз өнімдерін алып келгендердің бірі - Мейірбек Үсенбаев. Сарыағаштық шаруа 22 тонна өнім алып келген. Мәселен, мұнда қызанақ пен қияр, орамжапырақ, картоп өнімін де кезіктіре аласыз. Диханның айтуынша, сөредегі өнімдердің барлығы өз шаруа қожалықтарының жемісі. 6 жылдан бері ауыл шаруашылық саласындағы жүрген қожалық 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

МЕЙІРБЕК ҮСЕНБАЕВ – ШАРУА - Өзіміздің ауданда, өзіміздің қолда өсірілген табиғи өнімдер. Помидорымыз бар, огурцыйымыз бар, капустамыз бар. Өзіміз қолда өсіріп жатқан өнімдер барлығы. Ауданның экономикасын көтеріп жатырмыз үлес қосып жатырмыз. Осы жәрмеңкеде 3 күн бойы боламыз. Түркістан қаласының тұрғындарын шақырамыз базар ценасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатып жатырмыз. 

Айта кетсем, аманауи «Экобазарда» диқандар өз өнімінін бір қолдан, делдалдарсыз, тікелей ұсынып келеді. Базар аймағында тауар сақтауға арналған 300 микроклиматтық қойма бар. Өңірдегі 15 аудан қаладан келген диқандар мұнда өз өнімдерін нарықтан төмен бағада саудалауда. Яғни, базар құнынан 10-15 пайызға арзан. 50-ден аса шаруа 500 тоннадан аса өнім алып келіпті. Жергілікті жәрмеңке 3 күнге созылмақ. Ал келушілер қарасы қалың болса алдағы уақытта тағы да ұйымдастыру жоспарда бар. 

СНХ: НҰРБОЛ БЕКМҰРАТОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - көріп отқандай базар нарқынан 15-20 пайыз саудаға ұсынылып отыр. Мәселен тоқталатын болсақ. Мұндағы картоп бағасы базарда 180 теңге болатын болса, бізде 110 теңгеден сатылып жатыр. Пияз, қырыққабат өнімдері 60 теңгеден сатылып жатыр. Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей өндірушіден сатып алуға атсалысуды сұраймыз. 

Биыл өңірде 800 мың гектардан аса аумаққа ауыл шаруашылық өнімдері егілді. Олардың ішінде 1 жарым миллион тонна бақша болса 1 миллион тоннасы көкөніс дақылдары. Сондай ақ, 110 мың тонна жеміс-жидек, 325 мың тонна картоп дақылдары жиналған. 

Мақта бағасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Мақтаарал және Жетісай ауданындағы шаруалар мақта жинауды бастады. Алайда бағаның тұрақты болмауы диқандарды алаңдатып отыр. Осы мақсатта облыстық ауыл шаруашылығы бөлімі мақта бағасына қатысты мәселелерді диқандарға жеткізді.

Ақ алтынның отаны жиын терем маусымын бастап кетті. Бұл жылы қол күшінен қарағанда техника құралдарына сұраныс жоғары. Cебебі мақта терімге екі ауданда жалпы 300 комбайн жұмылдырылған. Алайда шаруалардың көңілінде ала жаздай еткен еңбегінің еш кетпесе екен деген кірбің бар. Қос ауданда жалпы 21 мақта қабылдау зауыттары бар. Бірақ та мақта қабылдау пунктерінде әлі де тұрақты баға жоқ. Бұл мәселе тіпті облыс әкімінің тікелей бақылауында. Өңір басшысы мақта қабылдау зауыттарының басшыларымен өткен кездесуде мақтаның тоннасын 250 000 мың теңгеден қабылдауды тапсырды. Кездесу барысында облыс әкімі халықтың тарапында екенін баса айтты.

Ал облыстан келген сала басшылары бағаға қатысты тың деректермен бөлісті. Диқандар қауымы берілетін аванс мөлшеріне өз келісімдерін беріп баға тұрақталған жағдайда үстемақыны сол сәтте алуды бірауыздан мақұлдады. Шаруалардың көпшілігі зауыттардан алған қарыздарын жабуды ойлап отыр. Себебі диқандар өткен жылы бағаның 370 теңгеден болғаны осы жылы мақта егетін шаруалардың көбеюіне алып келді.

Облыстағы сала басшыларымен диқандар қауымы бір мәмілеге келді. Шаруалар тарапынан келесі жылыда мұндай оқылықтардың орын алмауы үшін бірнеше ұсыныстар айтылды. 

 

 

Шу қаласындағы атыста адам өлтірген күдіктілер ұсталды

Жамбыл облысы Шу ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні түнгі 12 шамасында болған. Көлікпен жүрген жастарды әлдекімдер соңынан қуып жетіп, қарумен оқ жаудырған. Атыс салдарынан Шу аудандық ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы екі азамат жарақат алып түскен. Өкінішке қарай, олардың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір қылмысқа қатысқандардың барлығы анықталған. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, үшінші адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал бой тасалап үлгерген тағы бір күдіктіге қатысты халықаралық іздеу салынды. Әзірге қарулы қақтығыстың неден болғаны туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ.

АЛМАС САЛАМАТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - 2022 жылы 25 қыркүйекте сағат 10:18-де Шу аудандық полиция бөліміне ауруханадан 23,25 және 26 жастағы 4 азаматтың оқ дәрілермен жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Олардың бірі кеййінірек жансақтау бөлімінде қайтыс болды.  Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мен қылмысқа қатысы барлық тұлғалар анықталды. 

 

Күйеуінен әбден зәбір көрген келіншек көмек сұрайды

«Бұрынғы күйеуім өлтіремін деп қорқытып отыр». Осылай деп Сайрам ауданы, Әсіларық ауылының тұрғыны көмек сұрап, біздің телеарнаға хабарласты. 30 жастағы келіншек бұрынғы жұбайынан тек өзі емес, бүкіл туыс-туғандары зәбір көріп отырғанын айтуда. 

Дәл осындай қоқан-лоқы көріп, физикалық-моральдық қыспаққа түсіп жүргеніме 3 жылдан асты дейді Әйгерім Атанчаева. Айтуынша 2018 жылы тұрмысқа шыққан келіншек зайыбынан әбден зәбір көріп, 2 айдан соң ажырасып кеткен. Алайда азапты күндер бұнымен тоқтамапты.

Екеуінен туған ортақ бала бүгінде 3 жастан асқан. «Жалғыз өзім өсіріп отырған ұлымның денсаулығында кіңәрат бар, шұғыл ота жасау қажет. Алайда әкесі тарапынан алимент те төленбейді»,- деп күйінеді ана. Есесіне қайын атасы да қаһарына мініп, келініне күн бермейтінге ұқсайды. 

Өмірден баз кешкен келіншектің мұң-мұқтажын тыңдап, жан-айқайын тәртіп сақшыларына жеткізу үшін облыстық полиция департаментіне жол тарттық.

Құзырлы орган қызметкерлері аталған істі өз бақылауларына алатынын айтып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады деп сендірді. 

Елге Ресейден үдере көшіп келіп жатқандар қоғамға қалай әсер етеді?

Ішінара мобилизация басталғалы Ресей азаматтарының біразы өзге елдерге көше бастады. Қазақстанға келіп жатқандары да өте көп. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, кіріп-шыққан көлік саны әдеттегіден 20 пайызға көбейген. Дегенмен көрші елден осы күндері нақты қанша азамат елімізге кіргенін ешкім айта алмай отыр. Белгілісі заңға сәйкес олар біздің елде визасыз 30 күн жүре алады. Одан артық қалғысы келсе, миграциялық қызметке тіркелуі тиіс. Сөйтіп, тағы 60 күнге создыруға құқылы. Жалпы елге үдере көшіп келіп жатқандар қоғамға қалай әсер етпек? Келген азаматтардың тұрақтап қалуы қаншалықты мүмкін? Еркелді Тілеуқұл осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Сергей Богданов Ресейде жеке кәсібі болған. Бірақ, мобилизацияға ілініп, қанды соғыс құрбаны болмау үшін Қазақстанға көшуге мәжбүр болған. Ол Қостанай облындағы шекара бекеттерінің бірі арқылы елге кіріпті. Өзіне әскери комиссариаттан шақыру келмей тұрғанда Ресейден кетуге шешім қабылдаған. Бірақ, елден кеткені үшін отбасына қауіп төнеді ме деп қорқады.

СЕРГЕЙ БОГДАНОВ - РЕСЕЙ АЗАМАТЫ - АУДАРМА: Күннен-күнге Ресейден Қазақстанға келіп жатқандар көп. Ең кемі 10 сағаттан кеден бекеттерінде күтіп жатыр. Баспана табу да қиындап кетті. Әлбетте, қазақстандықтарға қолайсыздық туғызып жатқанымызды түсініп отырмыз. Ол үшін кешірім сұраймын. Қазақстанға негізінен, 20 жастан асқан түрлі мамандық иелері келіп жатыр. Арасында ай-ти мамандар өте көп. Мен мысалға кәсіпкермін. Досыммен бірге келдім. Ол да кәсіпкер. Біз ары қарай не болатынын білмейміз.

Дәл осы Сергей секілді ресейліктер ел экономикасына тигізер пайдасы мен зияны туралы қоғамда қызу пікірталас жүріп жатыр. Пәтер жалға алу құнының күрт өсуі басты тақырыпқа айналды. Осы жайында экономист, сарапшы Сәбит Баймағанбетов түсінік берді. 

СӘБИТ БАЙМАҒАНБЕТОВ - ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Келген адамның барлығы жүріп тұруы керек, тамақ ішуі керек. Экономистердің есептеуінше, 120 мың адам келеді. Бір турист білесіздер, өзімен 10 мың доллар алып келеді. Экономикаға қысқа мерзімде оң әсер береді деп есептеймін. 

Сондай-ақ, мобилизациядан қашқандар кімдер деген сұрақ та қоғамды мазалайды. Біреулер, шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар ай-ти мамандар және жеке кәсіпкерлер көптеп келдйді дейді. Олардың ел экономикасына тигізер пайдасы көп деген пікір айтылуда. 

СӘБИТ БАЙМАҒАНБЕТОВ   ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Көші-қон заңға сәйкес уақытпен шектелмеген. Олар ұзақ уақыт қаламыз десе, еңбек нарығына әсер болады. Келгендердің көпшілігі – жас мамандар. Олардың тіл проблемасы жоқ. Кейбір кәсіпорын үшін орыс тілін білу жеткілікті болып табылады. Сол кезде Қазақстан нарығы сапалы мамандармен толығады деп ойлаймын. 

Барлығына белгілі факт, Ресейден қашып жатқан азаматтар орта тап өкілдері. Яғни, олардың жинаған азын-аулық қаражаттары бар. Ал, соғысқа қарсы болса да, қаша алмайтын немесе, қашқысы келмейтін азаматтар, Ресейде жаппай наразылық акцияларына шығып жатыр. Мәселен, Дағыстанда ер-азаматтарын қорғауға шыққан әйелдер полициямен қақтығысқа дейін барған. 

 

Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуі басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз осында жерленген. Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз. Ал, біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан, Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол ақында Астанадан бастау алған «Ұлы дала жорығы» санаулы күннен соң Түркістанда өз мәресіне жетеді. Мұның зор символдық мәні бар. Осы өңірде халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы барынша сақталған. Бір сөзбен айтқанда, Түркістан –халқымыздың қаймағы бұзылмаған қасиетті мекені екенін айтты.

 

Көбі амалдың жоқтығынан келді

Мемлекет басшысы бұл туралы Түркістан облысы тұрғындарымен кездесу барысында айтьты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақта «Көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жалпы, осындай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдықты танытуымыз керектігін айтты.

Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі. Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек - деді Мемлекет басшысы.

 

Қазақстанға Мұхаммед пайғамбардың өмірін бейнелейтін көшпелі музей келеді

Қазақстанға Мұхаммед пайғамбардың өмірін бейнелейтін көшпелі музей келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар елімізне саяхаттап келетін саудиялық турситердің қатары артады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен елімізге жұмыс сапарымен келген Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан әл-Рабианың кездесуінде мәлім болған. Тараптар екі ел арасындағы туризмді дамыту мәселелерін талқылады.

Министрлердің кездесуі Ұлттық музейде ұйымдастырылды. Меймандар ұлттық жәдігерлерімізбен, ел тарихымен танысып, Қазақстан табиғатын насихаттап, инвестициялық мүмкіндіктер туралы баяндайтын видеоларды тамашалады. Осы ретте делегация мүшелері Қазақстанда заманауи контент арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмірінен сыр шертетін көрме ұйымдастыру бойынша өтініш білдірді. Оны Сауд Арабиясындағы Абдулазиз патшасының атындағы «Әлем мәдениеті орталығы» (Ithra) Алматы және Астана қалаларындағы музейлермен бірігіп өткізетін болады.

Сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасында тікелей қатынайтын әуе рейстерінің жұмысы, туристік операторлардың тығыз байланысы, мәдени-танымдық нысандардың өзара ынтымақтастығы жайлы сөз қозғалды.

«Біз биыл саудиялықтарға елімізді насихаттау мақсатында екі мәрте роуд-шоу ұйымдастырдық. Қазіргі кезде Сауд Арабиясы Корольдігінің азаматтары Қазақстанға визасыз келіп, бір ай бойы демала алады. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда елімізге саяхаттап келген саудиялықтардың саны екі есе өскен. Қазақстанның табиғаты, жыл мезгілдері турситер үшін қолайлы. Сондықтан туризмді дамыту мақсатында бірігіп жобалар әзірлеуге дайынбыз», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Тауфик бен Фаузан әл-Рабианың сөзінше, олар саудиялықтардың Қазақстанға туристік сапарларын зерттеп жатыр. Саудиялық турситердің Қазақстанға көптеп келуі күтілуде.

«Соның бір дәлелі ретінде айта кетейін, кеше мен Шымбұлаққа көтерілген кезімде саудиялық туристерді байқадым. Негізі, саудиялықтар саяхатқа ең көп қаржы жұмсайтын туристер қатарында. Қазақстанда тарихи орындардың да көп екенін байқадық. Енді екі ел азаматтарының өзара саяхаттауын жеңілдететін жағдай жасайық, мен сіздерден үлкен қоллдау күтемін», – деді Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі.

Пәтер жалдаушылар, сіздерге Жамаубаевтан жақсы кеңес

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пәтерді жалға алғандарға кеңес айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, пәтерді жалға алған кезде заң бойынша құжатпен рәсімделуі керек. Ондай заңды рәсім жасалмағандықтан, қазақстандықтар пәтерсіз қалып жатыр.

Келісімге ауызша келіп, кейін ауызша үйінен қуылып жатады. Егер баспананы басынан-ақ арнайы келісімшартқа отырса, пәтер қожайыны жалға алушыны қуа алмайды. Себебі, ол пәтер ақысын бір-екі айға төлеп қояды. Сол себепті мұндай кезде заң бұзылып жатса, тиісті органдар қарауы керек, - деді ведомства басшысы Үкімет кулуарында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет отырысынан кейін журналистер алдына шыққан Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігі Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу қажет 20,5 млрд теңгенің өтінімін мақұлдады ма? деген сұраққа жауап берген еді.

Иә, мақұлдады – деп, қысқаша жауап берді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Kaspi.kz Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, жаңа сервисті іске қосты.

Енді тура Kaspi.kz қосымшасында санаулы ғана минутта:

«Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы;

Психикалық денсаулық орталығынан науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы;

«Наркология»психикалық денсаулық орталығынан наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы анықтамаларды алуға болады, олар жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде, жүргізуші куәлігін алғанда немесе виза алғанда қажет болады.

“Біз үздік Kaspi.kz қосымшасы арқылы қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу деңгейін кеңейте бермекпіз. Цифрлық даму министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, тағы бір тамаша сервисті іске қостық. Енді сүйікті клиенттерімізге анықтама жинауға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Енді оларды тура үздік Kaspi.kz қосымшасында онлайн режимде алуға болады. Бұл – мемлекет пен бизнестің қазақстандықтардың күнделікті міндеттерін шешуді жеңілдету үшін күш біріктіруінің тағы бір табысты мысалы”, – дейді Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

“Азаматтар цифрлық технологиялардың барлық артықшылықтарын пайдалануы үшін қазақстандықтардың арасында танымал Kaspi.kz сервисі жетілдіріліп, көптеген құжаттармен толықтырылуда. Естеріңізде болса, бұрын жұмысқа орналасқан кезде немесе жүргізуші куәлігін алу үшін 3 жерге барып, психо-, наркодиспансерлерден, туберкулез орталықтарынан анықтама жинау керек болатын. Енді мұның бәрін Egov mobile қосымшасында бір-екі рет басып қана алуға болады. Бұрын да айтып өткеніміздей, алушыларға ыңғайлы болу үшін біз басқа қауіпсіз сервистермен бөлісеміз. Бүгінгі таңда бұл мәліметтер Kaspi.kz-те қолжетімді. Біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы пайдалану үшін және алу үшін ірі қаржы институттарымен және жетекші технологиялық елдермен жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз”, – деді Цифрлық даму министрі Мусин Бағдат.

“Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әртүрлі платформалар арқылы азаматтардың денсаулық жағдайы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну тәсілдерін көбейтіп жатыр. Азаматтарға ақпарат беру үшін мәліметтер мен платформалардың тізбесін одан әрі кеңейтуге дайынбыз. Осы платформада іске қосу – азаматтарға мәліметтерді беру кезеңдерінің бірі. Біз азаматтардың өздерінің медициналық деректеріне қол жеткізу құқықтарын іске асырамыз”, – дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Есенбаев Бейбіт.

Қазақстандықтар Мекке мен Мединаға тікелей әуе рейсімен қатынайды

Сауд Арабиясы бүкіл әлемнің құлшылық етушілерін қолдауға арналған «Nusuk» атты интеграцияланған мемлекеттік цифрлық платформаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қажылық және Умра министрі Тауфик әл-Рәбианың сөзіне қарағанда, аталған жобаның Қазақстанды да қамтуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы елге жасаған сапары қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді.

«Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынас өте қарқынды дамып келеді. Бізді жоғары мәртебелі Президент мырзаның екі ай бұрын Сауд Арабиясына жасаған сапары қуантты. Бұл сапар өте жемісті болып, көптеген келісімге қол қойылды. Келешекте бұл келісімдер екі ел қарым-қатынасына серпін береді деп ойлаймыз. Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастың тығыз екенін айта отырып, мен Қажылық және Умра министрі болып тағайындалғаннан кейінгі екінші сапарымды сіздерге жасап отырғанымды атап өткім келеді. Яғни, бұл менің осы лауазымдағы екінші сапарым болып тұр.

Сондай-ақ екі елдің тығыз байланысының бір мысалы ретінде Қазақстан азаматтарының Сауд Арабиясына сайт арқылы немесе Сауда Арабиясының Елшілігіне бару арқылы электронды виза алып, қажылық жасай алатынын келтіруге болады», - дейді министр.

Сонымен қатар доктор Тауфик әл-Рәбиа екі елдің арасында тікелей әуе рейстерін ашу арқылы Nusuk жобасын қолданушы қазақстандықтардың сапарын одан әрі жеңілдете түсу жоспарда бар екенін жеткізді.

«Бұл істе біз Қазақстан Үкіметімен бірге бүкіл шараларды қарастырып жатырмыз. Fly Nas компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. 2023 жылы осы бағытта жаңалық болады. Бірақ бұл біз әуе тасымалында тек Fly Nas компаниясымен ғана әріптестік орнатамыз деген сөз емес. Есігіміз бәріне ашық – Сауд Арабиясының компанияларына да, Қазақстан компанияларына да ашықпыз. Келешекте Қазақстан мен Сауд Арабиясының қалалары арасында әуе тасымалын дамытуды жоспарлап отырмыз. Бүгін мен Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрімен кездесу өткіздім. Сол кезде осы мәселені талқыладық. Сондай-ақ біз екі елдің әуе компанияларының әріптестігін дамыту, екі елдің арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелерін сөз еттік. Министр мырза бұл идеяны қолдап, келешекте міндетті түрде аталған мәселені зерделеп, тікелей әуе қатынасын енгізетінін мәлім етті», - деді Сауд Арабиясының өкілі.

Мемлекет басшысы шатыр басып қалған туды көтерген азаматтарға алғыс айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр спорт кешенінің шатыры астында қалған тудың алып шыққан шымкенттік азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды.

«Былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғаны елдің есінде. Сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан Көк байрағымызды алып шықты. Шынайы отаншылдық осындай әрекеттен көрінеді. Құр сөзден түк шықпайды. Алаңдарға шығып, жалған ұран тастап жүргендердің, меніңше, нағыз Отансүйгіштікке ешқандай қатысы жоқ. Қастерлі туымызды жерге түсірмей алып шыққан бірнеше жігіт бүгін ортамызда отыр. Олардың Отанға деген адалдығын жастарға үлгі етуіміз керек. Осыған орай, мен Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға алғысымды жариялаймын», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесуінде.

Алаяқ Атырау облысында әкім атынан хабарлама таратқан

ҚАтырау облысында алаяқ Жылыой ауданы әкімінің атынан хабарлама таратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, алаяқ WhatsApp мессенджеріндегі номерінің профиліне Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың фотосын орнатып, оның атынан бірнеше адамға хабарлама жазған.

Ж. Қаражанов алаяқ жіберген хабарламаларға сенбеуге шақырды.

«Қайырлы күн әлеуметтік желі қолданушылары. «Интернет-алаяқтық» ұғымы жергілікті атқарушы органға да жеткенін хабарлағанды жөн санаймын. Бүгін +7 775 634 8727 абоненті WhatsApp арқылы бірнеше азаматқа менің атымнан хабарлама таратқан. Аталған номердің негізгі суретіне менің жеке суретімді орнатқан. Барша тұрғындарға, мені жеке танитын азаматтарға аталған нөмірден немесе сіз танымайтын өзге нөмерден хабарлама келсе мән бермей, жауап бермеген жөн екендігін мәлімдеймін. Өз кезегімде қазіргі интернет-алаяқтық бойынша заң шеңберінде әрекет етудемін», - деп жазды Facebook-тегі парақшасында Жұмабек Қаражанов.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтардың құрбаны болған кез келген адам полицияға шағым түсіре алады.

«Әр адам өзіне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жоспарланып отыр деп күдіктенсе, дереу полицияға хабарласуы керек. Телефон қоңырауы, sms-хабарлама мен бейтаныс адамдардан ұсыныстар түскен кезде сабырлық сақтау, құқық қорғау органдарына дереу хабарлау, ақпаратты тексеру үшін туыстарымен байланысу қажет», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырауда туристік фирма 50-ден астам адамды алдағанын жазған едік.

Қазақстанда қанша адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев Қазақстанда қанша адам ұлттық спорт түрлерімен айналысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Самат Ерғалиев 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінін еске салды. Онда Қазақстан құрама командасының 49 спортшысы сайыстың 5 түрі бойынша бақ сынайды. Комитет төрағасының сөзінше, еліміз бойынша 490 мың адам ұлттық спорт түрлерімен тұрақты тұрде айналысады. Мемлекет тарапынан ұлттық спортты дамыту мақсатында білім беру ұйымдарында ұлттық спорт түрлерін міндетті компонент ретінде енгізу үшін Дене шынықтыру және спорт туралы заңға өзгеріс енгізілгені белгілі болды. "ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұлттық спорттың төрт түрі енді. Олар - асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және саятшылық", - деді Ерғалиев. 

Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты