Армения Қазақстанға қауіпті қылмыскерді экстрадициялады

19
16.05.2025 20:50

 Армениядан Қазақстанға кісі өлтіруге оқталған күдікті жеткізілді. Ол былтыр Петропавл қаласында мас күйде қасында отырған адамға пышақ сұғып алған. Ал жәбірленушінің өмірі шұғыл медициналық көмек көрсету арқылы сақталды. Ол қылмыс жасаған іс-түссіз жоғалып, тіпті халықаралық іздеу жарияланған. Армения аумағында ұсталған азамат Қазақстан бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланған. Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оған мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.