Түркістанда этнос өкілдері арасында «Ақыл-ой» зияткерлік сайысы өтті. Оны Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған. Этнос өкілдерінің достығын, береке, бірлігін нығайтуды көздеген зияткерлік сайысқа аудан, қалалардан құралған 10 команда қатысты. Олар спорттың 3 түрінен яғни тоғызқұмалақ, шахмат және үстел тенисінен сайысқа түсті.
️