Мақта бағасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

307
27.09.2022 05:51

Мақтаарал және Жетісай ауданындағы шаруалар мақта жинауды бастады. Алайда бағаның тұрақты болмауы диқандарды алаңдатып отыр. Осы мақсатта облыстық ауыл шаруашылығы бөлімі мақта бағасына қатысты мәселелерді диқандарға жеткізді.

Ақ алтынның отаны жиын терем маусымын бастап кетті. Бұл жылы қол күшінен қарағанда техника құралдарына сұраныс жоғары. Cебебі мақта терімге екі ауданда жалпы 300 комбайн жұмылдырылған. Алайда шаруалардың көңілінде ала жаздай еткен еңбегінің еш кетпесе екен деген кірбің бар. Қос ауданда жалпы 21 мақта қабылдау зауыттары бар. Бірақ та мақта қабылдау пунктерінде әлі де тұрақты баға жоқ. Бұл мәселе тіпті облыс әкімінің тікелей бақылауында. Өңір басшысы мақта қабылдау зауыттарының басшыларымен өткен кездесуде мақтаның тоннасын 250 000 мың теңгеден қабылдауды тапсырды. Кездесу барысында облыс әкімі халықтың тарапында екенін баса айтты.

Ал облыстан келген сала басшылары бағаға қатысты тың деректермен бөлісті. Диқандар қауымы берілетін аванс мөлшеріне өз келісімдерін беріп баға тұрақталған жағдайда үстемақыны сол сәтте алуды бірауыздан мақұлдады. Шаруалардың көпшілігі зауыттардан алған қарыздарын жабуды ойлап отыр. Себебі диқандар өткен жылы бағаның 370 теңгеден болғаны осы жылы мақта егетін шаруалардың көбеюіне алып келді.

Облыстағы сала басшыларымен диқандар қауымы бір мәмілеге келді. Шаруалар тарапынан келесі жылыда мұндай оқылықтардың орын алмауы үшін бірнеше ұсыныстар айтылды.