Түркістанда кәсіпкер әйелдерге арналған тренинг өткізілді

344
27.09.2022 04:59

АҚША және Әйел. Дәл осындай тақырып аясында Түркістанда кәсіпкер әйелдерге арналған бизнес тренинг өтті. Оған облыстың түкпір түкпірінен өз ісін ашқан бизнес ханымдар қатысты. Ондағы негізгі мақсат табысты болудың құпиясымен қаржылық сауаттылықты арттыру. Толығырақ тілші тарқатады. 

Әйел-ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді. Отбасының ұйытқысы, әулеттің көркі болған абзал аналардың арасында жеке кәсіп бастап жанұясын асырап отырғандары да жетерлік. Солардың бірі Динара Саидова. Ол жеке бизнес ашып, бүгінде бірнеше жанды жұмыспен қамтып отыр. 

Қаржылық сауаттылық турасында Алматыдан арнайы Бизнес коуч шақыртылған. Жиналғандар Ақжүніс Бірасыловға өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, табысты болудың құпиясымен танысты.

Бизнес тренинг екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде Ақжүніс ханым тәжірибесімен бөліссе, Мадина Сапақова қаржылық сауаттылықтың заң аясындағы құқықтық нормалармен таныстырды. 

Семинар тренингтің негізгі мақсаты нәзік жанды кәсіпкерлердің арасында байланыс орнату. Нарық билеген заманда бүтін бір ел түгілі, отбасылық бюджетті реттеу үшін де сізге үлкен қаржылық сауаттылық қажет.