Абай облысы, Ақсуат ауданында жаңа туған нәресте сырқаттанып, облыс орталығына жете алмай қалған. Жеңіл көлікпен қатынау 5 сағаттан аса уақытты алатынын біліп, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Төтенше жағдайлар министрлігі Қазавиа-құтқару тәжірибелі ұшқыштары сәбиді санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен Ақсуат ауданынан Семей қаласына шұғыл түрде жеткізіп, мамандарға табыс етті.
️