Жамбыл облысы Шу ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні түнгі 12 шамасында болған. Көлікпен жүрген жастарды әлдекімдер соңынан қуып жетіп, қарумен оқ жаудырған. Атыс салдарынан Шу аудандық ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы екі азамат жарақат алып түскен. Өкінішке қарай, олардың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір қылмысқа қатысқандардың барлығы анықталған. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, үшінші адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал бой тасалап үлгерген тағы бір күдіктіге қатысты халықаралық іздеу салынды. Әзірге қарулы қақтығыстың неден болғаны туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ.
АЛМАС САЛАМАТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - 2022 жылы 25 қыркүйекте сағат 10:18-де Шу аудандық полиция бөліміне ауруханадан 23,25 және 26 жастағы 4 азаматтың оқ дәрілермен жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Олардың бірі кеййінірек жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мен қылмысқа қатысы барлық тұлғалар анықталды.
️