Түркістан облысында мектеп формасы жәрмеңкеге шығарылды
Түркістан облысында мектеп формасы жәрмеңкеге шығарылды. Онда шәкірттерге арналған киім-кешек нарықтағыдан 10-15 пайыз төмен бағада сатылады дейді ұйымдастырушылар. Ал, базарлай келген ата-аналардың пікірі басқаша. Тілшіміз толықтырып айтсын.
Бұл отандық кәсіпорынның нарықта жүргеніне 3 жылдан асыпты. Негізінен мектеп формасын тігеді. Одан бөлек әскери киімдерді де әзірлейді. Цех арнайы тапсырыстарды да қабылдайды. Яғни, өзіңіз қалаған үлгі мен сапаны таңдай аласыз. Өндіріске өз өнімін шығарып жүрген цех жергілікті 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр екен.
ХАЛИПА САРЖАНОВА – ИП «АБДРАХМАНОВ» ДИРЕКТОРЫ - Сапасы өте жоғары. Алып жатқан тұрғындардың барлығы риза болып кетіп жатыр. Барлығына размерлер бар. Бүгін біз енді көп товар алып шықпадық. Себебі Шымкент басқа қалалар бізден алып кетті. Енді қалған товрмен шығып отырмыз. Тұрғындардың барлығы риза болып жатыр.
Жәрмеңкеге Түркістан мен Шымкент қаласынан 20-ға жуық кәсіпкер қатысты дейді әкімдіктегілер. Мұндай шараны өткізудің бірнеше себебі бар. Алғашқысы мектеп формасын қолжетімді бағада саудалау. Ал екінші себебі отандық тауар өндірушілердің өнімін жарнамалау.
ТАЛҒАТ ҚЫДЫРБАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Бұл жерде 17 кәсіпкер қатысып жатыр. Түркістан текстил мекемесі өзінің балаларға арналған киімдерін шығарады. Ип Абдрахманова ол да киім тігеді. Ата – аналардың пікірін тыңдай отырып, сондай сапада жасап жатыр. Одан бөлек конс товар, аяқ киім, рюкзак өндірушілері қамтып отыр.
Ал, жәргілікті тұрғын Сәуле Есентай жәрмеңкенің жарнамасын ести сала келіпті. Үш қызына мектеп формасын арзандатылған бағада аламын деп ойлапты. Алайда барлығы басқаша дейді. Себебі базардың бағасынан қымбат болмаса, еш айырмасы жоқ деп налиды.
СӘУЛЕ ЕСЕНТАЙ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Жәрмеңке деген базарға қарағанда арзандау болу керек. Жәрмеңке не үшін халық жан жақтан келіп жатыр. Базармен бағасы бірдей. Мұнда тауар құны 10-15 пайызға төмен саудаланды. Мәселен, жейде 2-3 мың теңге аралығында болса, ұл балалардың костюм-шалбары 12 мың теңгеден басталады. Айта кетейік, қалада жағдайы төмен отбасынан шыққан 1000-нан аса оқушы бар.
Әкімдіктегілер болса мұнда тауар құны 10-15 пайызға төмен саудаланды дейді. Мәселен, жейде 2-3 мың теңге аралығында болса, ұл балалардың костюм-шалбары 12 мың теңгеден басталады. Айта кетейік, қалада жағдайы төмен отбасынан шыққан 1000-нан аса оқушы бар.