Батырдың алып портреті жасалды

45
06.05.2025 12:00

 Бауыржан Момышұлының алып портреті Рекордтар кітабына енді. «Астана Арена» стадионында Халық қаһарманының бейнесі 570 елордалық баланың жұмысынан жиналған. Қала әкімдігінің мәліметінше, Бауыржан Момышұлының алып мозаика -бейнесі 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр. Жоба батырдың 115 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына арналды.