Түркістандық «Тұран» футбол клубы «Мақтаарал» аяқдопшыларын өз алаңында қабылдады. Облыстың қос командасының кездесуі тартысты өтті. Ойынның алғашқы минуты Тұрандықтардың шабуылымен басталды. Көк жейде киген көкжалдар ақ алтынның отанынан келген қарсыластарының қақпасынан саңылау іздеп бақты. Әйтсе де, Мақтараалдықтар да осалдық таныта қоймады. Матчтың алғашқы таймында есеп ашыла қоймады. Алайда, екінші таймның алғашқы минутында қонақтар алға шықты. Есепті ашқан қарсылас команданың шабуылшысы Рамазан Кәрімов болды. Сондай-ақ қосымша уақытта Мақтааралдықтар есепті еселей түсіп, алаң қожайындарын тізе бүктірді.
️