Жаңа жобаның кастингі өтті

25
03.05.2025 01:22

Түркістан телеарнасы асүй ханшайымдарын, бизнесменге айналдырмақ! «Өз ісіңді баста» -деп аталатын жобаға 50 ден астам қыз келіншек қатысуға ниет білдірген. Бүгін оларды жоба авторлары мен әлемдегі кәсіпкер жүз әйелдің тізіміндегі Динара Сайитова төрешілік етіп іріктеп алды. Енді халықаралық табысты әйелдер клубы іріктелген 5 арудың ішінен топ жарып шыққан екі кейіпкерге, түрлі кәсіп үйретіп, жұмысқа орналастырмақ. Өз ісін бастауға қолдау тапқан келіншектер қандай кәсіп ашар екен? Оны алдағы уақытта Түркістан арнасының «Өз ісіңді баста» -деп аталатын жобасынан тамашалай аласыздар.