BMW маркалы автокөлік үлкен жолдың қақ ортасында жол жүрісі ережесін өрескел бұзғаны. Оқиға Сайрам ауданында болған. Бір қызығы жол ережесін бұзу фактісін көлік жүргізушінің өзі TikTok қосымшасына жүктеп , ұсталып қалды. Бұл дерек тіртіп сақшылары әлеуметтік желіге арнайы мониторинг жүргізу барысында белгілі болған.Бейнеде бағдаршамның тұсында қатар тұрған екі BMW авариялық жағдай туындатып, жылдамдықты арттырып, түтіндетіп қатты жылдамдықпен жүргенін байқауғаи болады. Бейнежазбаны мұқият тексерген полицейлер көліктердің иелерін анықтап, оларды заң аясында жауапкершілікке тартты. Екі көлік те айыптұраққа қойылды. Жас жүргізушілер жасаған әрекеттерін мойындап, сол үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
️