Шардаралық шаруалар қауынды шетелге экспорттауда

614
23.08.2022 08:34

Жер жыртып, егін еккен дихандардың биыл шаруасы шалқып тұр. Ерте көктемнен қам жасаған шардаралық шаруалар аудан халқын тегіс өздерінде өскен қауын-қарбызбен қамтуда. Бұдан бөлек Ресей мен Беларуске 317 мың тонна өнім экспорттаған. Сапалы өнімдер көптің көңілінен шығып, сауда қызған.

Орынбасар Найзатай  -«Ахмет» шаруа қожалығының төрағасы. 1997 жылы құрылған қожалықтың 79 гектар жері бар. 17 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Соның 50 гектарына  бақша өнімдерін егіпті. Әсіресе биыл молынан еккен қауын қарбызы жақсы өнім берген. 

ОРЫНБАСАР НАЙЗАТАЙ – "АХМЕТ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Биыл өнім жақсы.Құдай қаласа бастадық жинауды. Ресейге алып кетеді. 50 гектар қауынымыз.Оның ішінде қарбыз да бар. Қырықма қауын дейміз. Міне қауынды бастадық. Пісті бәрі. Енді жинап жатырмыз. Өнім жақсы».

Қожалық қауынның жиенбай, қырықпай түрін еккен. Оның ішінде «валет сортына сұраныс көп екен. Одан гектарына 30 тоннадан алып отыр. Қорабын 1500 теңгеге саудалайды екен. Өнімнің арысын Ресей мен, Беларусқа экспорттайды. Шетелдіктер егістік алқаптан өздері келіп алып кететін көрінеді.  

ОРЫНБАСАР НАЙЗАТАЙ – «АХМЕТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - «Валетті егуде Ресйден сұраныс жақсы. Валетканы сол үшін де көп егеміз. Жолға шыдамды, көп тұрады. Дәмі де жақсы.Өте дәмді қауын болған соң валет қауынға сұраныс көп. Сол үшін де егеміз». 

Биыл Шардара ауданы бойынша 57800 мың гектарға әртүрлі дақылдар егілді. Шаруалар дизель отынды төмендетілген бағада алып, кәсібінің берекесін көріп отыр. Ағынсудан да мәселе туындамаған. 

ТАЛҒАТ ӘЛІМҚҰЛОВ -  ШАРДАДА АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Ағын судан ешқандай тапшылық болған жоқ. Бұл периодтта ешқандай кемшілік те орын алған жоқ. Шаруалардың барлыығы да дән риза. Жалпы аудан бойынша 5500 ге-жуық ауылшаруашылық өндірушілер бар. Бүгінгі таңда ешқандай шаруадан арыз-шағым түскен жоқ».

Айта кетерлігі, Шардара ауданына қарасты Достық ауылында бас-аяғы 511 отбасы бар. Халық егін мен мал шаруашылығын бір ізге қойған. Бұдан бөлек, мұнда 369 шаруа қожалық пен 2 өндірістік кооператив жұмыс істеп тұр.