Көкпардан республикалық жарыс басталды

18
03.05.2025 01:21

Түркістан облысында КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай көкпардан республикалық ашық турнир басталды. Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы, Қазығұрт, Меркі аудандарының үздік шабандоздары бас жүлде үшін бақ сынауда. Дүбірлі дода жеңімпаздары 4 мамыр күні анықталады. Бас жүлдеге тігілген сыйақы көлемі – 5 миллион теңге.