Жаңа оқу жылының қарсаңында облыстағы барлық аудандар сияқты Мақтаарал ауданында да мектеп жәрмеңкесі өтті. Қалам, қағаз, дәптер, сөмкеден бастап, оқушы формасының түр-түрі кәсіпкерлер жайған сөрелерден табылады. Жергілікті тұрғындар мектеп формасының сапалы екенін айтады. Ұйымдастырушылар сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін сатылымдағы формаларды оқушыларға кигізіп, баланың үстінде қалай тұратынын да көрсетті. Мақтаарал ауданында 28 097 оқушы бар. Осы оқушылардың керек-жарағын түгендеуге көмегі тисін деп ұйымдастырылған жәрмеңкеге 12 кәсіпкер қатысты
РАЗИЯ ГУСЕЙНОВА МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Бағасы базардан әлдеқайда төмен. Салыстырмалы түрде. Одан кейін олардың сапасы да жақсы екен. Киім де сатып жатыр, былайша айтқанда оқушыларға керек барлық құрал-жабдықты сатып жатыр екен. Бағалары жақсы, алуға болады екен.
МҰРАТБЕК СЕРІКБАЕВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Жәрмеңкенің мақсаты – мына базардан сәл де болса арзандау қылып ұйымдастырып жатырмыз. Кәсіпкерлерді ұйымдастырып жатырмыз. Жергілікті кәсіпкерлер бар, Шымкенттен швейный фабрикасы бар кәсіпкерлерді шақырдық арзан нарықта. Қазір Өзбекстанмен келіссөздер жүргізіліп жатыр
️