«Менің туым». Республика күніне орай көркемсурет байқауы өтеді

464
23.08.2022 09:34

«Balapan» телеарнасы Республика күніне орай «Менің туым» көркемсурет байқауын жариялайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балалар жылы аясында ұйымдастырылған байқау шарттары: 

– Байқауға 5-10 жастағы балалардың жұмыстары қабылданады;

– Қатысушы суретті өз қолымен салуы тиіс;

– Сурет салып жатқан сәті мен суретінің мазмұны туралы видео түсіріп жіберуі керек (ұзақтығы 30-40 сек.); 

– Суреттің электронды нұсқасы baiqau@balapan.tv почтасына жолданады;

– Суреттің түпнұсқасын  «Balapan» телеарнасының  мекенжайына жолдау керек (Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі 4);

– Қатысушы суреттің келесі бетіне өзі туралы толық ақпаратты жазуы тиіс (аты-жөні, жасы, мектебі, мекенжайы, ата-анасының телефон нөмірі)

Байқау жеңімпазы 25 қазан – Республика күні қарсаңында анықталып, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау суреттері 2022 жылдың 23 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында қабылданады.

Қосымша ақпарат үшін 87172 75-70-79 нөміріне хабарласуға болады.