Тұран баскетбол командасы әйелдер арасында ұлттық лига ойындарында үш жыл қатарынан топ жарып келеді. Биылғы маусымда бұрымды спортшылар ақтық сынға жолдама алып үлгерген. Қызығы сол бұл құрамада онға тарта әртүрлі этнос өкілдері өнер көрсетеді. Бір үйдің баласындай татулықты ту еткен арулар 4 дүркін ел чемпионы атануға сақадай сай.
️