Этномәдени бірлестіктер арасында волейболдан жарыс өтті

35
30.04.2025 22:20

 Сауран ауданында өзбек этномәдени бірлестіктері арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық сайыс Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Шараға Сайрам, Қазығұрт, Сауран ауданы мен Кентау, Түркістан қаласының азаматтары қатысып, 7 команда сапында өзара сынға түсті. Cайыста жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Өйткені барлық командалар кілең мықты ойыншыларын іріктеп әкелген.