«2022-11-20» бойынша іздеу нәтижесі

Мақтаарал ауданында жас жұбайлар дауыс берді

Бүгінгі саяси додада ерекшеленген еліміздің азаматтары да бар. Мәселен, Мақтаарал ауданында шаңырақ көтерген жас жұбайлар өз таңдауын жасады. 

Дүбірді науқанға келген жас отбасы Нұркен Мұсылман мен Перизат Керішбай. Олардың шаңырақ көтергендеріне 2 жылдан асқан. Қолұстасқан жұбайлар осылайша ел болашағы үшін өз  таңдауларын жасады. 

НҰРКЕН МҰСЫЛМАН, ПЕРИЗАТ КЕРІШБАЙ – ЖАС ЖҰБАЙЛАР - Бүгін отбасымызда айтулы мереке деп айтсақ та болады. Отбасы құрғалы бірінші сайлауымыз. Кім басшы болса да халқына, еліне жеріне сыйлы азамат болс а болды.

Жалпы Мақтаарал ауданы бойынша 70 329 сайлаушы тіркелген. Оның 382 сайлау учаскесінде 2109 сайлаушы бар. Ал алғаш рет таңдауын жасайтын азаматтар саны 18. 

ЖҰЛДЫЗ ҚОШҚАРБАЕВА – №382 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ - Бүгінгі таңда таңертең сағат 7 де дауыс берген сайлаушыларымызға өзіміздің тарапымыздан сыйлық берілді. 

Бүгінде аталған аудандағы барлық сайлау учаскесінде тұрғындарға жағдай жасалған. Мәселен,  7 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси, 4 әлеуметтік такси тасымалдау қызметімен қамтамасыз еті

Жетісайда батыр Амангелді Имановтың немересі дауыс берді

Жетісайда батыр Амангелді Имановтың немересі дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі Жеті қазына елді мекенінің тұрғыны, ұлт азаттық көтерілістің қолбасшысы, батыр Амангелді Имановтың немересі Рысбай Рахымбаев та өз таңдауын жасап, дауыс берді.

1951 жылы туған Рысбай Рахымбаевтан тараған 10 перзенті мен 50-ге тарта немересі бүгінде аталған ауылда үлкен әулетке айналып отыр. Бүгін батыр ұрпақтары кезектен тыс өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында да белсенді танытты. Бәрі де елдің жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасаған. Учаскелік сайлау комиссиясы батырдың ұрпағына құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. «Аллаға шүкір, еліміз тыныш, шекарамыз бүтін, ұйқымыз қанық, қарнымыз тоқ. Кейбір елдердегідей оқтың үні естіліп жатқан жоқ. Біздің ендігі мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістерімізді сақтап, одан әрі дамыту. Ол үшін бүгінгі жасайтын таңдауымыз үлкен маңызға ие»,- дейді батырдың немересі. Айта кетейік, шағын ғана елді мекенде орналасқан №240 сайлау учаскесінде 778 сайлаушы болса, оның 4-і бірінші рет дауыс беретіндер.

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан облысында 1 млн астам сайлаушы дауыс береді деп күтіліп отыр

Түркістан облысында дауыс беру процесі ерекше форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтар болсақ, кітап көрмесі мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, өнерпаздар ән шырқады.

Дарынды жастардан құралған оркестр мен мың бұралған бишілер де өнер көрсетті.

Ал ақсақалдар қауымы мен ақ жаулықты әжелер дауыс беру арқылы өнеге көрсетіп, көш бастады. Сондай-ақ, орталық алаңдарда азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Онда күнделікті тұтыну тауарлары мен азық түліктер нарықтан 10-15 пайызға арзан бағада сатылымға шықты.

Түркістан облысының тұрғындары да таңмен таласа келіп, сайлауда белсенді түрде дауыс беріп жатыр.

Сайлаудан пробация қызметінде тұрушылармен қатар ауруханадағы емделушілер де тыс қалған жоқ. Үйден дауыс беретін азаматтарға да қолайлы жағдай жасалды.

Ал, перзентханадағы жас аналар сайлауға 100% қатысты. Сәбилі болған аналар да сайлау науқанынан тыс қалған жоқ.

Ғасыр жасаған кейуаналар мен кәмелет жасына толған жасөспірімдер де сайлауда дауыс беріп, азаматтық белсенділігін көрсетті.

Айта кету керек, Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығында орналасқан.

Облыста 1 миллионнан аса сайлаушы дауыс береді деп күтіліп отыр.

Еске салайық, облыс аумағында сайлау күні қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Сауран қалашығына жеткізетін бұрылыс алаңы ашылды
12.12.2025 19:14 36
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
09.12.2025 21:27 58
Өңір басшысы Түркістан облысында қай салаға негізгі басымдық берілетінін атады
09.12.2025 21:25 65
Электр энергиясы кәсіпкерлерге жетпейді
09.12.2025 21:24 58
Қоғамдық кеңесте өңірдің әлеуметтік-энономикалық даму мәселелері қаралды
09.12.2025 21:22 60
Оңтүстік аймақтарда алдағы вегетация кезеңінде су тапшы болады – Үкімет дабыл қақты
09.12.2025 21:20 48
Каратэ шебері Әсел Қанай — ел спортының жаңа жұлдызы
08.12.2025 21:03 72
Жуырда «Түркістан сақшылары» толықметражды мультфильмі шығады
08.12.2025 21:02 76
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады
08.12.2025 21:01 62
Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті
08.12.2025 21:00 63
Пластик ыдыстары мен полиэтилен пакеттерін өндіретін зауыт іске қосылды
04.12.2025 21:29 118
1200-ден аса шетелдік студент Түркістанда оқып жүр
04.12.2025 21:28 88
Мектепте ағылшын тілін үйрететін қосымша үйірмелер қажет
04.12.2025 21:26 83
«Дипломмен ауылға» барғандар үш жылын өтемей қалаға кетіп жатыр
04.12.2025 21:25 71
Жекеменшік мектептердің мәселесі бақылауда
04.12.2025 21:24 69

Жаңалықтар мұрағаты