«Дипломмен ауылға» барғандар үш жылын өтемей қалаға кетіп жатыр

10
04.12.2025 21:25

«Дипломмен ауылға» барғандар үш жылын өтемей қалаға кетіп қалып жатыр.  Соның салдарынан бағдарламаның нақты тиімділігі төмендеп, бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалуда. Бұл мәселені сенатор Нұртөре Жүсіп өз депутаттық сауалында көтерді. Оның сөзінше, бағдарлама іске асырылған кезеңде 114 мыңнан астам маман қолдау алған, ал 52 мыңға жуық адам тұрғын үй мәселесін шешкен. Алайда бағдарлама ауқымды болғанымен, маңызды проблема сақталып отыр. Қатысушылардың бір бөлігі ауылдық жерде үш жыл жұмыс істеу жөніндегі міндеттемелерін орындамайды. Соңғы үш жылдың өзінде 166 адам келісімшарт талаптарын бұзған. Соның салдырнан  жас мамандарға берілген  несиелердің  784 млн теңгеден астамы қазынаға қайтпай отыр.