Сарыағаштық егіз жігіттер өмірінде алғаш рет дауыс берді

158
20.11.2022 11:38

Сайлауда сарыағаштық егіздер алғаш рет дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпара.

Сарыағаш ауданы Көктерек кентінің тұрғындары егіз Бақытжан мен Бағлан Асановтар президент сайлауында алғаш рет өз дауыс берді.

Көктерек кентінде орналасқан №672 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасаған қос азаматқа арнайы сыйлық табысталды.

«Сайлауда дауыс беру - азаматтық борышымыз деп білемін. Сондықтан бұл шараға іштей дайындалдық.«Қалай болады екен» деп қобалжыдық. Бүгін алғаш рет сайлау учаскесіне келіп дауыс беріп, өз таңдауымызды жасап отырмыз»-дейді олар.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданы бойынша 79 сайлау учаскесі бар.