Мектепте ағылшын тілін үйрететін қосымша үйірмелер қажет

10
04.12.2025 21:26

 Қазақстанда мыңдаған жас әлемдік деңгейдегі университеттерге түсуді армандайды. Бірақ сол арманға апарар жол — қымбат. Халықаралық емтихандарға дайындайтын ақылы курстардың бағасы көп балалы аналарға да, әлеуметтік осал отбасыларға да мүлдем қолжетімсіз. Ал еліміздегі орта мектептерде мұндай дайындық жүйесі мүлде қарастырылмаған. Соның салдарынан қабілеті бар талай бала білімге емес, қаржыға тәуелді болып отыр. Біздің тілшіміз мәселенің мәніне үңіліп көрді.