Электр энергиясы кәсіпкерлерге жетпейді

34
09.12.2025 21:24

 Облыстағы кәсіпкерлер мен жаңа өндіріс орындарына электр қуаты жетіспейді. Қолданыстағы қуат тарату тораптары аздық етеді. Ал кезінде техникалық шарт алып қойған кейбір кәсіпкерлер өздеріне берілген, бірақ пайдаланбай отырған электр лимитін қайтаруға құлықсыз. Қолданыстағы талап бойынша үш жыл ішінде техникалық шартты еріктен тыс қайтарып алу мүмкін емес. Жауаптылар бұл талапты қайта қарап, жүйені жаңғыртуды қажет деп отыр.