«Еліміздің оңтүстік өңірлерінде су тапшылығының жалғасып жатқаны рас.» Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бүгінгі үкімет отырысында осылай деді. Айтуынша, биыл Шардара су қоймасына су келуі 43%-ға азайған. Ал, Нарын – Сырдария каскадындағы су көлемі 3,8 млрд текше метрге дейін төмендеп кеткен. Жалпы келер жылы вегетациялық кезеңде 1-2 млрд текше метр су келеді деп болжанып отыр. Бұлай болғанның өзінде Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында су тапшылығы туындауы мүмкін.
️