Жекеменшік мектептердің мәселесі бақылауда

140
05.12.2025 02:23

Түркістан облысында жекеменшік мектептер енді жаңа жүйе бойынша қаржыландырылады.  Өңірдегі 157 мектеп «e-Qazyna» платформасына құжаттарын жүктеп, төлем ала бастады. Бұған дейінгі тексерістерде оқушыларды есепке алуда сәйкессіздік анықталғандықтан, енді қаржы тек нақты оқитын балаларға ғана аударылады. Қатысу деректері «BilimClass.kz» арқылы тексеріліп, жыл соңына дейін барлық мектеп толық қаржыландырылады.