Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізіліп, 4 су қоймасы салынады. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеров Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Суару технологияларының қолжетімділігін арттыру үшін облыста жалпы алты кәсіпорын ашу ісі қолға алынған. Олардың 4-еуі іске қосылды, келешекте тағы 2 нысан ашылады. Нәтижесінде 364 мың гектар алқапты су үнемдеу технологиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады. Айта кетейік, қазір «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймалары салынып жатыр. Ал «Боралдай» мен «Иқан су» қоймаларының жобасы әзірленуде.
️