Жуырда «Түркістан сақшылары» толықметражды мультфильмі шығады

156
09.12.2025 02:01

Түркістанда жасанды интеллектпен жасалған алғашқы толықметражды мультфильм жарыққа шығуға дайын. Бұған дейін сериал түрінде танылған «Түркістан сақшылары» бұл жолы үлкен экранға шықпақ. Анимацияның бірқатар кезеңі нейрожелілердің көмегімен өңделіп, кейіпкерлердің қимылы мен визуалды эффектілері заманауи технологиямен жетілдірілген. Ал дыбыстауға кәсіби актерлер, Азамат Қанапия сынды дубляж актерлары қатысып мультфильмге шынайы атмосфера сыйлады. Ең ерекше жаңалық — фильм кинотеатрларда барлық балаларға тегін көрсетіледі.