Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады

16
08.12.2025 21:01

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері облыс аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.