1200-ден аса шетелдік студент Түркістанда оқып жүр

10
04.12.2025 21:28

Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жетекші білім беру орталықтарының біріне айналып келеді. Бүгінгі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген студенттер білім алуда. Соның ішінде 18 мыңнан астамы Алматыда, ал 1200-ден аса шетелдік студент Түркістанда оқып жүр. Биыл есігін ашқан Вусонг университеті де бұл көрсеткішті арттыруға айтарлықтай үлес қосып келеді.