«2022-08-19» бойынша іздеу нәтижесі

Ордабасы ауданында балаларға арналған орталық ашылды

Ордабасыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қарқынды жұмыс істеп тұр. Мұнда мүгедектігі бар әр баланың оңалуына оңтайлы жағдай жасалған. Мекемедегі білікті мамандар  бүлдіршіндерге өз баласындай қарап,  ата-аналардың көңілінен шыққан. 

Жалғас Қорғанбаев – «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы. Ол осыдан 14 жыл бұрын жол апатына ұшырап,  ауыр дене жарақатын алған. 2008 жылдан бері ІІІ – топ мүгедектігін алып, қатарынан 3 жыл арбаға таңылған. Кезінде дзюдомен айналысқан ол, сынбай, керісінше өмірге құштарлығы мен  белсенділігін арттырды 

ЖАЛҒАС ҚОРҒАНБАЕВ – «ШАПАҒАТ» ӘЛЕУМЕТІТК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Адамның өзіне деген сенімділігімен білімі болса, адам көп нәрседен шығу жолдарын үйренеді. Ол үйде отырып менің өмірге деген құлшынысым жоқ деп отырған адам кері кетеді. Өзімнің өмірде түсінген нәрсем осы».

Жалғастың өзі жұмыс істеп жүрген орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар сауықтыруға келеді. Аптаның 5 күнінде келушілерді қабылдайтын мекеме түрлі жаттығу құрылғылармен, Иога, тұз шахтасымен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте психологтар балаларды тікелей бақылауға алады

ЖАЛҒАС ҚОРҒАНБАЕВ – «ШАПАҒАТ» ӘЛЕУМЕТІТК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Педагогка-психологиялық, мәдени,сауықтыру.Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балалардың 3 тобы бойынша келеді. Балаларға ең керек нәрсе педагогикалық-психологиялық көмек». 

Орталық 2022 жылдың 22 шілдесінен бастап келушілерді  қабылдады. Денсаулығына байланысты есепте тұрған балалар кестеге сәйкес тиісті ем шараларын алады. Бастысы ата-аналар бұл жобюаның қолға алынып, іске қосылғанына дән риза 

ЖАЗИРА БЕКЕТБАЕВА – АТА-АНА: «Біздер алып келіп, тастап кетсек те болады. Өзінің медбикелері де бар. Дәрігерлеріміз бар. Сеніп балаларымызды тапсырып кетеміз.Мысалы үшін мен құжаттармен көп жүремін». 

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында дәрігерлер балалармен жеке жұмыс істейді.Осылайша олардың өмір салтының одан ары жақсаруына ықпалын тигізеді. Бір мезете 20 баланы қабылдауға қауқарлы. Алдағы  уақытта келушілер санын арттырып, орталықта түрлі үйірмелермен қамтамасыз ету қолға алынбақ. 

 

 

"Е-Нәтиже" жобасы еліміздің бірнеше қаласында фронт кеңсе ретінде қызмет көрсетуде

Бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметке қатысты бірнеше жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі «Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру жобасы. Жоба осы жылдың мамыр айында пилоттық режимде іске қосылды. Жүйе Түркістан қаласы, Отырар ауданы мен Павлодар және Қостанай, Рудный қалаларында фронт кеңсе ретінде қызмет көрсетуде. 

Орталық қызметіне “Нәтиже” жобасы іске қосылғалы келушілер саны артқан. Мұнда тұрғындардың басым бөлігі жер қатынастары, тұрғын үй мәселесіне қатысты жиі көмек сұрап келеді. Одан өзге, әлеуметтік жәрдем қызметіне жүгінетін азаматтар саны басым. 

МАДИНА БАЙҒҰТ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МОНИТОРИНГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ  – Бізде қазіргі таңда кешегі пилоттық жобаның аясында Азаматтарға арналған үкімет коорпорациясының ИСС ЦОН базасы орнатылған болатын. Сонымен қатар үш маман қазіргі таңда олардың тарапынан қызмет көрсетуде. ИСС ЦОН базасындағы қызметтерді де бізден алуға болады. Сондықтан азаматтар бір қызметпен емес бірнеше қызметті алу мүмкіндігіне ие болады. 

Бүгінде қалалық әкімдік пен Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы бірлесе жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда кеңсе қызметіне 20 мыңнан астам азамат жүгінген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5 мың азаматқа артық. 

ЖАНАР ТІЛЕУМҰРАТОВА - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МОНИТОРИНГІ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ- Біз осы халықтық кеңседе ИСС ЦОН базасымен жұмыс жасаймыз және де әкімдіктің бекітілген кестесі бойынша басқа мекемелермен тәжірибе алмасу болып жатыр. Қазіргі таңға дейін біз төрт мекемеге барып тәжірибе алмасып, ол мекемелер халықтан қандай өтініш қабылдайды? Олардың базасы қандай? Соны анықтап біліп жатырмыз. Және де ол жұмысымыз қыркүйек айының екісіне дейін жалғасады. 

Жоба аясында үш өңір бойынша кеңсе қызметкерлері 6.5 мыңнан аса азаматқа кеңес берген. Олардың ішінде 2 жарым мыңнан астам тұрғынға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жалпы, Е-Өтініш ресми өтініштерді қабылдау жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға мыңнан аса өтініш тіркеліпті.

 

Өңірдегі жол құрылысы сапасын бақылайтын "Әділдік жолы" акциясы басталады

Жыл сайын елімізде жол құрылысына миллиардтаған қаржы бөлінсе де, еліміз жол сапасы бойынша әлемде 93-ші орында. Тіпті, үшінші әлем деп аталатын Танзания, руанда секілді мемлекеттер үздік 50-дің қатарында.  Енді жол құрылысы сапасын жан-жақты бақылау үшін «Әділдік жолы» акциясы жүргізіледі. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және қоғам белсенділері қатыспақ. Бұл туралы агенттіктің брифингінде белгілі болды. Соңғы жылдары өңірде жол құрылысына бөлінген қыруар қаражатты мердігерлер тиісті мақсатта жұмсаудың орнына, қалтасына басып отыр. Бірнеше адам ол үшін жазаланды да. Бірақ, алаяқ мердігерлерді соттау проблеманы шешпейді дейді мамандар. 2021-і жылы 14000 жол-көлік апаты болса, онда 2000-ға жуық адам көз жұмған екен.

НҰРДӘУЛЕТ СӘМЕТ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Автожол проблемаларының өзектілігін ескере отырып, агенттік «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Әділдікті талап ет» республикалық акциясы болатынын хабарлайды. Оның аясында қоғамдық мониторинг басталғалы отыр. Негізгі мақсаты – автомобиль жолын салу, жөндеу жұмыстарындағы бұзушылықты жою. 

 

"Ауыл аманаты" жобасы аясында партия мүшелері ауыл округтерін аралады

«Ауыл аманаты» жобасы аясында AMANAT партиясының мүшелері 13 өңірде 290-ға жуық ауылдық округті аралады. Олар тұрғындарға 2,5 процент несиені қалай алу керектігін, кооперативті қалай құру және техниканы лизингке қалай рәсімдеу керектігін түсіндіруде. Насихат жұмыстары Түркістан облысында Сарыағаш ауданында Құркелес және Дарбаза ауылдарында жүргізілді. Мұндағы басты мақсат - ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу. Жоба сарапшылары кепіл мәселесі қозғалғанда тек жылжымайтын мүлік қабылданатынын айтты. Өтінім саны ауылдарға жүргізілетін талдауға сәйкес қаралатыны да мәлімделді. Атап өткен жөн, мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа қабілетті болған жағдайда ғана жобаға қатыса алады. Осылайша мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10-шы қыркүйекке дейін жалғасады.

ӘБДІЖАППАР РАХЫМБЕРДИЕВ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ - Мемлекеттен бұрын болмаған 1 трлн қаржы бөлініп жатқаны туралы айталды. Ол 2,5 пайызбен беріліп жатыр. Мұндай біздің Қазақстанда болмаған. Бұл ауылдың еңсесін қатты көтереді деп ойлаймын. Біздің ауылда мал бордақылау, жылыжайлар салу мәселесін қолға алып отырмыз. 

 

Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шекарада Клементина атты ит күдіктіні көрген бойда белгі берген. Оқиға бойынша бірден тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары оның шалбарының оң жақ қалтасынан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас затты тапты.

«Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «гашиш» есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Қазақстан Google Maps-тегі жұмбақ орындардың тізіміне енді

Playcrazygame.com cайты Google Maps қызметінен тоғыз ерекше суретті жинады, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz тілшісі. Тізімдегі екі орын Қазақстанда орналасқан.

Торғай трикветрі - ауқымды геоглиф. Ағаштыкөл ауылының маңында орналасқан. Бұл үш сәулелі свастика түріндегі қорған, диаметрі 94 метр, орташа биіктігі шамамен 70 сантиметр. Свастика адамзат тарихындағы ең көне белгілердің бірі болып қала береді және бірнеше символдық мағынаға ие болуы мүмкін - өмір, қозғалыс, жарық, күн, әл-ауқат. Свастиканы буддистік храмдарда жиі көруге болады, онда ол кемелдік идеясын жүзеге асырады. Мұндай символдардың алғашқысы кеш палеолит дәуірінде пайда болды.

Пентаграмма - бұл жұмбақ орын, ол ағаштардың қатарларымен жұқалау бейнеленген шеңбер ішіндегі жұлдыздың сәл боялған ізі болып көрінеді. Бұл үлкен форма Жоғарғы Тобыл су қоймасының оңтүстік жағалауында орналасқан. Ең жақын елді мекен - шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Лисаков қаласы.

Қант бір жылда 87 пайызға қымбаттады

2022 жылдың қаңтар–маусым айларында елімізде 149,1 мың тонна қант өндірілді. Бұл былтырғыдан 9 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Energyprom.kz порталының мәліметінше, өндірістің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Жамбыл облысына тиесілі. Өңір 96 мың тонна қант шығарып, өндіріс көлемін, өткен жылға қарағанда 16,4 пайызға ұлғайтқан. Облыстың республикадағы үлесі былтырғы 60,3 пайыздан 64,3 пайызға өсті.

Осы жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысында жергілікті компаниялар қантқа сұранысты қанағаттандыруды (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) бір жыл бұрынғы 48 пайыздан 57,1 пайызға дейін жеткізді. Импорт үлесі 52 пайыздан 42,9 пайызға дейін төмендеді. Елге 63,5 мың тонна қант әкелінді. Көрсеткіш өткен жылғыдан 38,9 пайызға аз. Ішкі нарықтағы сату көлемі 25,6 пайызға, яғни 147,7 мың тоннаға дейін төмендеді.

Атырауда әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты

Атыраудағы шекара қызметінің 2016 әскери бөлімінде Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаз Нұрбек Ерғалиев белгісіз жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрбек Ерғаливтің өлімі туралы ақпарат алғаш әлеуметтік желіде пайда болды. Ол бір айдан кейін борышын аяқтап, үйіне оралуы тиіс болған. Алайда 18 тамыз күні жақындарына оның табыты жеткен.

"Әскерге борышын өтеуге кеткен ақтаулық сарбаз 2003 жылы туған Ерғалиев Нұрбек Наурызұлы 2022 жылдың 18 тамызында үйіне табытпен оралды. Ол әскерге былтыр күзде кетті, үйіне оралуға 1 ай қалған екен. Түнде инстаграмыма сарбаздың туыстары хат қалдырыпты", - деп жазады Бибігүл Рамазан Facebook парақшасында. 

Туыстарының мәліметінше, бес сарбаз нарядтан түсіп келе жатқанда көліктері сынған. Үш сарбаз бұзылған көлікте қалып, марқұм Нұрбек пен командирі көмек сұрау үшін ұялы байланыс ұстайтын жер іздеп кеткен.

“Сарбаз мәйітханада жатыр. “Жолда әлсіреп бастарымыз айналып құстық, Нұрбектің аяғы істен шығып, әлсіреп өліп қалды” депті командирі. Қасындағы жігіт жолға шығып жаттым көмек келді депті. Сарбаз күндіз қайтты, үйіне қаралы хабарды түнгі 3 те жеткізілді. 15 тамыз күні сарбаздардың әлеуметтік желідегі группасынан Нұрбек шығып кеткен, ол да белгісіз сұрақ? Нарядқа кеткен сарбаздар ішке келмеген соң, сағат 12:00 де артынан іздеп, екі көлік жібердік, кешкі сағат 6 кезінде сарбаздар табылған. Оқиға 80 шақырым жерде болған. Сонда сарбаздар таңертең нарядқа кетіп, көлік бұзылса, қолдарында 7 литр су бола тұра, неге отыра бермейді" деген туыстарының жазбасы желіде тарап жүр”, – деп жазған әлеуметтік желіде. 

 

Астаналық келіншек көріпкелге бір жылда 60 миллион теңге берген

Елорда тұрғыны бір жыл бойы көріпкелге барып, жалпы сомасы 60 миллион теңгесін беріп қойған. Бүгінде еліміздегі әлеуметтік желілер тарологтар, экстрасенстер мен көріпкелдердің ұсыныстарына толы, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Журналистер Қазақстанға жалған көріпкелдердің әрекетіне тыйым салатын заң керек деп есептейді. Кейбіреулер TikTok арқылы тікелей эфирде, басқалары мессенджерлерде хат жазысу арқылы бал ашуды ұсынады. Алгоритм қарапайым: адамдар картаға ақша аударып, сұрақ қояды. Бірақ қарабайыр жауап алады. Ал психологтар жеке уайымы үлкен, іштей үрейі бар адамдар көріпкелдердің көмегіне жүгінетінін айтты. Көріпкелдерге бару арқылы олар күйзелістен арылғандай болады, "болжамдарды" тыңдағаннан кейін шабыттанып шығады. Адам белгісіз нәрседен қорқады, сол қорқынышын басу үшін тарологқа жүгінеді дейді мамандар. 

Келесі жылы оқушылар ҰБТ-дан бөлек тағы бір тест тапсырады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мектеп оқушыларына мамандық таңдауға көмектесетін арнайы жоба туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр неге білім саласын біртұтас қарастыру керек екенін түсіндірді.

Біз білімді біртұтас қарастырумыз керек. Мәселен, ұзын шынжыр ретінде алып қарайық. Оның қосылатын жерлері өте маңызды. Егер шынжыр үзіліп кеткен жағдайда, не байланыс болмаған кезде білім сапасы төмендейді. Сол сияқты білім жүйесінде әр сатының өзінің мақсаттары мен нышандары болады. Мектепке дейінгі білімнің негізігі мақсаты мен нышанын қарайтын болсақ, ол баланы орта білімге дайындау, баланың ақпараттың қабылдауы, өзін басқара білу сынды қабілеттерін қалыптастыру, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ведомства басшысының мәлімдеуінше, орта білімнің негізгі үш мақсаты бар. Олар: біріншіден, білімнің негізгі көлемді білім беру, екіншіден, әлеуметтік мақсат, ал үшіншіден, баланы еңбек нарығына дайындау және кәсіптік бағыттау.

Кәсіптік бағыттау кезеңінде жоғары біліммен байланыс орнатылады. Сол себепті кәсіптік бағыттау кезеңі өте маңызды. Биыл жаңа оқу жылынан бастап нақты шараға көшеміз. Біздің ұлттық тестілеу орталығымыз ұлттық тестілеудің алдында кәсіптік бағыттау функциясын іске қосады. Оқушыларға өзінің қарым-қабілетін анықтайтын арнайы тест енгізетін боламыз. Келесі жылдың басынан бастап бүкіл үміткерлер біріншіден, кәсіптік бағыттау қабілеттерін анықтап алуға мүмкіндік беріледі. Талапкерлер алдымен өз қызушылықтары мен қабілетін біле алады. Тестте үміткердің өзіне сай келетін мамандықтар тізімін таңдай алады, - деді министр. 

 

 

Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көбейеді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің жалақысы жыл сайын 25 %-ға көбейетінін айтты, де хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бұл туралы министр педагогтердің республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді.

Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауының арқасында көптен бері шешілмей келе жатқан түйткілді мәселелер өз шешімін тапты. Бұл жұмыстарды әрі қарай да жалғастыратын боламыз. Бүгінгі тамыз конференциямыздың басты тақырыбы – «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» аты айтып тұрғандай өте маңызды құндылықтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы құндылықтарды дамыту бойынша бірнеше рет бізге және жастарымызға үндеу жасады. Сол себепті осы бір құндылықтар балабақша табалдырығынан бастап, мектеп пен оқу орындарда жалғасын  тауып, жас ұрпақтың бойына сіңіуі керек. Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиеттерді біз барлық білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына енгізіп, әрі қарай дамытатын боламыз, - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Қазақстанда 1 200 шақырымдық бәйге-марафон өтеді

Елімізде 15-30 қыркүйек күндері аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бекболат Байжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Петропавл қаласында әкімдіктер арасында, мемлекеттік қызметшілер арасында үлкен жарыс өткіздік. Одан кейін Жетісу облысында ауыл жастары ойындары өтті. Сонымен қатар бүгін Нұр-Сұлтан қаласында министрліктер қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр. Осы жексенбіге дейін жалғасады.

Қыркүйекте Шымкент қаласында есту қабілеті төмен жандар арасында республикалық спартакиада ұйымдастырылады.

1 қыркүйекте Түркістан қаласында «Тұран барысын» өткізуді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар 15-30 қыркүйек аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізу көзделген. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Қарағанды, Ұлытау облыстары арқылы өтіп, рухани астанамыз - Түркістанда жалауын тігеді. Бұл марафонның жалпы қашықтығы 1 200 шақырымды құрайды. Әр облыстан 20 командадан қатысады», - деді Б.Байжанов.

Оның атап өтуінше, бүгінде елімізде 6,5 млн адам спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл жалпы ел тұрғындарының 34,2 пайызын құрайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық дәстүр мен дәм ұштасқан – «Сыбаға Fest»
23.05.2025 20:16 32
«Алау» футбол мектебі
23.05.2025 16:24 27
Отырарда «Музей түні» акциясы өтті
20.05.2025 14:23 97
Белгілі ғалымдар түркістандық жастармен кездесу өткізді
19.05.2025 14:40 57
Қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің турнир өтті
19.05.2025 14:30 101
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің дәстүрлі турнирі өтті
16.05.2025 20:51 53
Армения Қазақстанға қауіпті қылмыскерді экстрадициялады
16.05.2025 20:50 50
Білікті бапкер жеңіске жетелейді
16.05.2025 12:21 48
Бүгін – Халықаралық отбасы күні
15.05.2025 20:24 72
Түркістанда республикалық робототехника турнирі өтіп жатыр
15.05.2025 20:23 47
ТЖМ әуе кемесі жаңа туған нәрестені ауруханаға жеткізді
15.05.2025 14:23 54
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
14.05.2025 21:12 62
Шымкенттік жиһангез велосипедпен Астанаға жол тартты
13.05.2025 14:52 63
Дәнекерлеу ісінің шебері
13.05.2025 14:42 66
Болашақ чемпиондар ауылы
12.05.2025 16:21 73

Жаңалықтар мұрағаты