«Ауыл аманаты» жобасы аясында AMANAT партиясының мүшелері 13 өңірде 290-ға жуық ауылдық округті аралады. Олар тұрғындарға 2,5 процент несиені қалай алу керектігін, кооперативті қалай құру және техниканы лизингке қалай рәсімдеу керектігін түсіндіруде. Насихат жұмыстары Түркістан облысында Сарыағаш ауданында Құркелес және Дарбаза ауылдарында жүргізілді. Мұндағы басты мақсат - ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу. Жоба сарапшылары кепіл мәселесі қозғалғанда тек жылжымайтын мүлік қабылданатынын айтты. Өтінім саны ауылдарға жүргізілетін талдауға сәйкес қаралатыны да мәлімделді. Атап өткен жөн, мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа қабілетті болған жағдайда ғана жобаға қатыса алады. Осылайша мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10-шы қыркүйекке дейін жалғасады.
ӘБДІЖАППАР РАХЫМБЕРДИЕВ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ - Мемлекеттен бұрын болмаған 1 трлн қаржы бөлініп жатқаны туралы айталды. Ол 2,5 пайызбен беріліп жатыр. Мұндай біздің Қазақстанда болмаған. Бұл ауылдың еңсесін қатты көтереді деп ойлаймын. Біздің ауылда мал бордақылау, жылыжайлар салу мәселесін қолға алып отырмыз.
️