Жыл сайын елімізде жол құрылысына миллиардтаған қаржы бөлінсе де, еліміз жол сапасы бойынша әлемде 93-ші орында. Тіпті, үшінші әлем деп аталатын Танзания, руанда секілді мемлекеттер үздік 50-дің қатарында. Енді жол құрылысы сапасын жан-жақты бақылау үшін «Әділдік жолы» акциясы жүргізіледі. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және қоғам белсенділері қатыспақ. Бұл туралы агенттіктің брифингінде белгілі болды. Соңғы жылдары өңірде жол құрылысына бөлінген қыруар қаражатты мердігерлер тиісті мақсатта жұмсаудың орнына, қалтасына басып отыр. Бірнеше адам ол үшін жазаланды да. Бірақ, алаяқ мердігерлерді соттау проблеманы шешпейді дейді мамандар. 2021-і жылы 14000 жол-көлік апаты болса, онда 2000-ға жуық адам көз жұмған екен.
НҰРДӘУЛЕТ СӘМЕТ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Автожол проблемаларының өзектілігін ескере отырып, агенттік «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Әділдікті талап ет» республикалық акциясы болатынын хабарлайды. Оның аясында қоғамдық мониторинг басталғалы отыр. Негізгі мақсаты – автомобиль жолын салу, жөндеу жұмыстарындағы бұзушылықты жою.
️