Түркістан
EN

Нұр-сұлтанда 23 адамға қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салынды

316
19.08.2022 12:46

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында 23 адамға қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салынған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағаметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазіргі таңда құқық бұзудың мұндай түрі көшедегі камералар арқылы автоматты режимде де, полиция қызметшілерінің қадағалауы нәтижесінде де анықталады. Әрине, азаматтардың хабарлауы арқылы да белгілі болып жатады. Егер мұндай әрекетке куә болсаңыз, тәртіп бұзылған сәтті фото немесе видео түрінде тіркеп, «102» мобильдік қосымшасы арқылы мәлімдеуге болады», - деді ол брифингіде. 

️