Бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметке қатысты бірнеше жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі «Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру жобасы. Жоба осы жылдың мамыр айында пилоттық режимде іске қосылды. Жүйе Түркістан қаласы, Отырар ауданы мен Павлодар және Қостанай, Рудный қалаларында фронт кеңсе ретінде қызмет көрсетуде.
Орталық қызметіне “Нәтиже” жобасы іске қосылғалы келушілер саны артқан. Мұнда тұрғындардың басым бөлігі жер қатынастары, тұрғын үй мәселесіне қатысты жиі көмек сұрап келеді. Одан өзге, әлеуметтік жәрдем қызметіне жүгінетін азаматтар саны басым.
МАДИНА БАЙҒҰТ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МОНИТОРИНГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ – Бізде қазіргі таңда кешегі пилоттық жобаның аясында Азаматтарға арналған үкімет коорпорациясының ИСС ЦОН базасы орнатылған болатын. Сонымен қатар үш маман қазіргі таңда олардың тарапынан қызмет көрсетуде. ИСС ЦОН базасындағы қызметтерді де бізден алуға болады. Сондықтан азаматтар бір қызметпен емес бірнеше қызметті алу мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінде қалалық әкімдік пен Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы бірлесе жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда кеңсе қызметіне 20 мыңнан астам азамат жүгінген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5 мың азаматқа артық.
ЖАНАР ТІЛЕУМҰРАТОВА - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МОНИТОРИНГІ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ- Біз осы халықтық кеңседе ИСС ЦОН базасымен жұмыс жасаймыз және де әкімдіктің бекітілген кестесі бойынша басқа мекемелермен тәжірибе алмасу болып жатыр. Қазіргі таңға дейін біз төрт мекемеге барып тәжірибе алмасып, ол мекемелер халықтан қандай өтініш қабылдайды? Олардың базасы қандай? Соны анықтап біліп жатырмыз. Және де ол жұмысымыз қыркүйек айының екісіне дейін жалғасады.
Жоба аясында үш өңір бойынша кеңсе қызметкерлері 6.5 мыңнан аса азаматқа кеңес берген. Олардың ішінде 2 жарым мыңнан астам тұрғынға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жалпы, Е-Өтініш ресми өтініштерді қабылдау жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға мыңнан аса өтініш тіркеліпті.
️