Ордабасыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қарқынды жұмыс істеп тұр. Мұнда мүгедектігі бар әр баланың оңалуына оңтайлы жағдай жасалған. Мекемедегі білікті мамандар бүлдіршіндерге өз баласындай қарап, ата-аналардың көңілінен шыққан.
Жалғас Қорғанбаев – «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы. Ол осыдан 14 жыл бұрын жол апатына ұшырап, ауыр дене жарақатын алған. 2008 жылдан бері ІІІ – топ мүгедектігін алып, қатарынан 3 жыл арбаға таңылған. Кезінде дзюдомен айналысқан ол, сынбай, керісінше өмірге құштарлығы мен белсенділігін арттырды
ЖАЛҒАС ҚОРҒАНБАЕВ – «ШАПАҒАТ» ӘЛЕУМЕТІТК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Адамның өзіне деген сенімділігімен білімі болса, адам көп нәрседен шығу жолдарын үйренеді. Ол үйде отырып менің өмірге деген құлшынысым жоқ деп отырған адам кері кетеді. Өзімнің өмірде түсінген нәрсем осы».
Жалғастың өзі жұмыс істеп жүрген орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар сауықтыруға келеді. Аптаның 5 күнінде келушілерді қабылдайтын мекеме түрлі жаттығу құрылғылармен, Иога, тұз шахтасымен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте психологтар балаларды тікелей бақылауға алады
ЖАЛҒАС ҚОРҒАНБАЕВ – «ШАПАҒАТ» ӘЛЕУМЕТІТК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Педагогка-психологиялық, мәдени,сауықтыру.Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балалардың 3 тобы бойынша келеді. Балаларға ең керек нәрсе педагогикалық-психологиялық көмек».
Орталық 2022 жылдың 22 шілдесінен бастап келушілерді қабылдады. Денсаулығына байланысты есепте тұрған балалар кестеге сәйкес тиісті ем шараларын алады. Бастысы ата-аналар бұл жобюаның қолға алынып, іске қосылғанына дән риза
ЖАЗИРА БЕКЕТБАЕВА – АТА-АНА: «Біздер алып келіп, тастап кетсек те болады. Өзінің медбикелері де бар. Дәрігерлеріміз бар. Сеніп балаларымызды тапсырып кетеміз.Мысалы үшін мен құжаттармен көп жүремін».
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында дәрігерлер балалармен жеке жұмыс істейді.Осылайша олардың өмір салтының одан ары жақсаруына ықпалын тигізеді. Бір мезете 20 баланы қабылдауға қауқарлы. Алдағы уақытта келушілер санын арттырып, орталықта түрлі үйірмелермен қамтамасыз ету қолға алынбақ.
️